• RUB:
    5
  • USD:
    497.89
  • EUR:
    525.12
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Сәуір, 2019

«Aqyl» білімге қаржы салуға ақыл қосады

1463 рет
көрсетілді

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) білім беру қызмет­терін қаржыландырудың көзі. Бұл жоба Елбасы бастама­сымен қолға алынған.

«Қаржы Орталығы» АҚ президенті Асқар Ибрагимов 2013 жылғы 14 қаңтардағы «Мемлекеттік білім беру жинақ­тау жүйесі – халық үшін банк­те өзінің оқуына немесе бала­ла­ры­ның болашақта оқуына ақша қаражатын жинақтап, оған банк­тен және мемлекеттен 5 пен 7 пайызға дейінгі мөлшерде сыйақы алуға берілген мүмкіндік екенін жеткізді. Оның айтуынша, МБЖЖ 2018 жылы «Aqyl» деп аталатын өзінің жеке брендін алды. Аталған бағдарлама қолда­ныс­қа енгізілгелі 2 ,5 млрд теңге сомасына мемлекет сыйақысы аударылған. Сонымен қатар бұл сома көлемі жыл сайын өсіп келеді. Мәселен, 2015 жылы 656 салымшыдан 4 млн теңге жинақталса, 2019 жылғы есеп бойынша 15 636 салымшыға 

915 млн теңге мөлшерінде мемле­кет сыйлықақысы есептелген. А.Ибрагимовтың мәліметінше, бұл халықтың мемлекеттік бағ­дар­­­­ламаға, сондай-ақ депозит­ке деген сенімінің артып келе жатқа­нын дәлелдейді.

Ал «Қаржы Орталығы» АҚ департамент директоры Біржан Әлімжанов: «Халқымызда жақсы сөз бар. «Бір жылдығын ойлаған ел бидай егеді, жүз жылды­ғын ойлаған ел ағаш егеді, ал мың жылдығын ойлаған ел сана­лы ұрпақ тәрбиелейді». Сіздерге ұсынып отырған бұл бағдар­ла­ма­ның мәні мен мазмұны да осы қанатты сөздің аясында болып отыр. Әр ата-ана баласының білім­ді болғанын қалайды. Ал осы бағыт өз кезегінде сол мүмкін­дікке қол жеткізуге, бала бола­шағына сеніммен қарауға мүм­кіндік береді», дей келе, депозит ашуға ниетті азаматтардың қай банкке баруға болатынын атап өтті. Оның сөзіне сүйенсек, МБЖЖ салымдарын Халық банкі (10,4%); Цеснабанк (8,3%); Нұрбанк (10,5%); ВТБ банк (6,2%) банктері арқылы ашуға болады.

Сонымен бірге Б.Әлімжанов «Aqyl» депозиттерін ашуға қажетті құжаттардың аз екенін және алғашқы салатын сома да азамат­тардың әлеуметтік жағ­да­йына сай, яғни 7575 тең­ге­ні құрайтынын айтты. Оның мәлім­деуінше, депозит­тер үшінші тұлғалардың ақшаны өндіріп алу шараларынан қорғалған әрі 10 млн теңгеге дейінгі сомада мем­лекет тарапынан кепілден­ді­рілген.

«Aqyl» депозиттерінің алғаш­қы салымшылары бүгінде студент атанып үлгерген. МБЖЖ салымдарының есебінен білім алып жүрген студенттерге мониторинг жүргізу нәтижесінде 489 салымшының отандық әрі шетелдік колледждер мен ЖОО-ларда білім алып жатқаны анықталды.