• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Сәуір, 2019

Қазақстан хоккейшілері Беларусь және Оңтүстік Корея ойыншыларымен кездеседі

945 рет
көрсетілді

Шайбалы хоккейден бірінші дивизионның В тобындағы командалар арасында Нұр-Сұлтанда өтетін әлем чемпионаты қарсаңында Қазақстан құрамасы екі жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

25 сәуірде отандастарымыз Беларусьпен күш сынасса, 26 сәуірде Оңтүстік Кореямен шеберлік байқасады. Бұл командалардың екеуі де осал емес. Мәселен, Беларусь Олимпия ойындарына үш мәрте қатысып, 2002 жылы Солт-Лейк Ситиде төртіншы орынға табан тіреді. Әлем чемпионатында 19 рет бақ сынады. Ең үздік көрсеткішке 2006 жылы қол жеткізді. Ригадағы додада олар алтыншы орынға жайғасқан еді.     

Оңтүстік Корея Олимпия ойындары мен әлем чемпионатына бір-бір реттен қатысты. Бұл жарыста олар көш соңында қалып қойды. Десек те бүгінгі таңда айтулы мемлекетте осы спорт түрін дамытуға мықтап көңіл бөлінуде.

Ал бірінші дивизионның В тобындағы командалар арасындағы Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионаты 29 сәуір мен 5 мамыр аралығында өтеді.