Ерлер арасында аса жеңіл салмақта белдесіп жүрген Елдос Сметов бесінші орынды иеленуде. 66 кило салмақтағы Ерлан Серікжанов тоғызыншы орынды еншілеуде. 90 кило салмақ дәрежесінде күш сынасатын Ислам Бозбаев 12 сатыға жайғасты. Одан кейінгі үздік нәтижелер Ғұсман Қырғызбаев (60 кило), Елдос Жұмаханов (66 кило) және Жансай Смағұловқа (73 кило) тиесілі. Олардың барлығы да 13 орынға табан тіреп тұр. 81 кило салмақтағы Дидар Хамза 16 сатыға тұрақтады. Міне, қазіргі кезде осы жігіттеріміздің аяқалысы қуантады.
Әйелдер арасында тек Отгонцэцэг Галбадрахтың ғана қарқыны күшті. 48 кило салмақ дәрежесінде бақ сынайтын қазақстандық дзюдошы сегізінші орынды олжалауда. Өкінішке қарай, өзге қыздарымыздың ешқайсы ең болмағанда «ТОП-30» балуанның қатарына ене алмай отыр.
Ал әлемдік рейтингтің көшбасшылары мыналар:
Ерлер: 60 кило – Роберт Мшвидобадзе (Ресей), 66 кило – Хоширо Маруяма (Жапония), 73 кило – Ан Шангрим (Оңтүстік Корея), 81 кило – Саед Моллаей (Иран), 90 кило – Николас Шеразадишвили (Испания), 100 кило – Варлам Лапартелиани (Грузия) және +100 келі – Гурам Тушишвили (Грузия).
Әйелдер: 48 кило – Ұранцэцэг Мұңхбат (Моңғолия), 52 кило – Аманди Бушар (Франция), 57 кило – Цукаса Йошида (Жапония), 63 кило – Кларисс Агбегненоу (Франция), 70 кило – Мари Ева Гахи (Франция), 78 кило – Мария Агуар (Бразилия) және +78 кило – Иладис Ортис (Куба).