• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 10 Сәуір, 2019

Тұрақтылығымыз үшін сайланған басшы қажет

922 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасы Кәсіп­одақтар федерациясы Атқару коми­тетінің кезектен тыс отырысы өтіп, онда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлау өткізу шешімін қолдау туралы үндеу қабылданған еді. Онда Қазақстан Республикасы Кәсіп­одақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым алда сайлау өткізу туралы шешімге қатысты өзінің пікірін білдірген болатын: – Бұл – тарихи оқиға. Кеше ғана Елбасымыз өз өкілеттігін тоқтатып, Қасым-Жомарт Тоқаевты Парламент бірауыздан Президент лауазымына сайлады. Бірақ Президентті сіз бен біз, халық сайлайды. Қазақстанның тұрақтылығы үшін сайланған Президент қажет. Сол себепті қазіргі Президентіміз Қ.Тоқаев мырзаның кезектен тыс сайлау өткізу ұсынысын толығымен қолдаймыз, – деді федерация басшысы. Оның айтуынша, алдағы кезектен тыс Президенттік сайлау үлгілі түрде өтіп, әділ болуы керек. Барлық үміткерге жан-жақты мүмкіншілік жасалуы тиіс. «Осы мүмкіндіктерді пайдалану арқылы Қазақстанға лайықты, қазіргі заманға сай білімді, сауатты, алғыр Президент сайлап алуымыз керек. Сол арқылы бүкіл әлемге бірлігімізді, ынтымағымызды, саяси сана-сезіміміздің жоғары екендігін паш етіп көрсетуіміз керек».