Баспасөз-конференциясы барысында SU Racing Team командасы өздері құрастырған Taiburyl Prototype 3.0. жарыс автомобилін таныстырды.
Сәтбаев Университеті студенттерінің авто-мото жарыстары үшін құрылған команда SU Racing Team Куала-Лумпурда өтетін «Shell Eco Marathon – 2019» жарысына арнайы автомобиль конструкциясын жасап, құрастырды.
Shell Eco Marathon – Shell компаниясының жыл сайынғы өткізетін эко марафонының негізгі мақсаты – жанармай түрлерінің жаңаларын ашып, бұрыңғы қолданыстағы түрлерін жетілдіру. Автомобиль 1 литр жанармаймен максималды қашықтықты жүріп өтуі керек: марафон рекорды - 3,836 шақырым. Жарыс 1939 жылдан бастап Детройт, Лондон, Сигапур, Рио Де Жанейро қалаларында өткізіліп келеді. Қазақстандық команда осы жарысқа екінші рет қатысады.