• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Саясат 10 Сәуір, 2019

Н.Дәуешов: Президент сайлауын мезгілінен бұрын өткізу туралы шешімді қолдаймыз

1578 рет
көрсетілді

Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізген 28 жыл ішінде Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының арқасында еліміздің экономикасы мен әлеуметтік жағдайы қарқынды дамыды, білім мен мәдениет саласы да зор табыстарға жеткен бірегей тұрақты мемлекет болып қалыптасты.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Президент лауазымынан өз еркімен бас тартып, өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдағаннан кейін, Қазақстан Республикасы Конституциясының 48-бабының 1-тармағына сәйкес, бұл жауапты міндетті Парламент Сенатының Төрағасы орындайды. Ол осы қызметті жаңа Президент сайланғанға дейін атқарады.

Сол себепті қазіргі уақыттағы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі, яғни 2019 жылдың 9 сәуіріндегі Қазақстан халқына Үндеуінде айтқан Президент сайлауын мезгілінен бұрын өткізу туралы шешімін қолдаймыз.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бұл шешімі еліміздегі тұрақтылықты сақтап қалу үшін және бейбітшілік пен бақытты болашақ үшін жасалған тарихи шешім деп ойлаймын.

Дәуешов Нұрғиса Мұратұлы

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлттық аспаптар оркестрінің директоры