Алғашқы матчтың қаһарманы ретінде «Қазақ» деген бүркеншік есімді иемденген «Ливерпульдің» сапындағы 27 жастағы бразилиялық шабуылшы Роберто Фирминоны атауға болады. Кездесудің 5-минутында дәл сол ойыншының пасынан кейін Наби Кейта португалиялықтардың қақпасына гол соқса, 26-минутта Роберто Фирминоның өз нысананы дәл көздеді – 2:0. Одан кейін есеп өзгерген жоқ.
Англияның қос клубы – «Тоттенхэм» мен «Манчестер Сити» арасындағы матчтың 13-минутында алаң иелерінің қақпасына 11 метрлік айып добы белгіленді. Алайда Серхио Агуэроның тепкен добын Уго Льорис кері қайтарды. Содан кейін айтулы командалар алма-кезек шабуылдағанымен, ұзаққа дейін бір-бірінің қақпа кілтін таба алмады. Ал 78-минутта «Тоттенхэмнің» сапындағы Оңтүстік Кореяның оғланы Сон Хын Миннің соққан голы бәсеке тағдырын шешті.
Бүгін түнде тағы екі жартылай финалдық бәсекені тамашалаймыз. Бұл кездесулерде «Манчестер Юнайтед» (Англия) пен «Барселона» (Испания) және «Аякс» (Голландия) пен «Ювентус» (Италия) шеберлік байқасады. Ал осы төрт жұптың арасындағы қарымта кездесулер келесі аптада өтеді.