• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Сәуір, 2019

Нью-Йоркте екпеден бас тартқандарға айыппұл салынады

1190 рет
көрсетілді

Нью-Йорк қаласының бірқатар ауданында қызылшаның өршуіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. Осыған байланысты қала әкімшілігі осы науқасқа қарсы вакцина салдыруды міндеттеп отыр.

Шаһарда былтырғы қыркүйектен бері 280 адам аталған ауруға шалдыққан. Олардың көбі ортодокстық көзқарас ұстанатын еврей қауымы көрінеді. Қызылшаның мұншалықты кең тарауы соңғы рет 1991 жылы тіркелген екен. 

Тұрғындар екпені 48 сағат ішінде салуы керек. Алда-жалда бұған дейін вакцина салдырса, оның анықтамасын жергілікті медициналық орталықтарға өткізуі тиіс. Егер тұрғындар екпеден бас тартса, 1000 доллар көлемінде айыппұл салынбақ. 

 Осы оқиғаға байланысты баспасөз жиынын өткізген қала әкімі Билл де Блазио вакцинадан бас тарту заң бұзуға сәйкес келетінін мәлімдеді. Аллергология және жұқпалы аурулар ұлттық орталығының директоры Энтони Фаучи жергілікті дінбасыларды екпе насихаттауға шақырып отыр. 

«Дін басылар, ел ағалары вакцина салдыруды өз балалары ғана емес, қоғам үшін қажеттігін түсіндіруі керек. Олар қоғамымызды сақтап қалу үшін ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға атсалысуы тиіс», деді ол.