• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
10 Мамыр, 2012

Прокурорлар да таразыланады

280 рет
көрсетілді

Прокурорлар да таразыланады

Бейсенбі, 10 мамыр 2012 7:28

Мемлекет басшысы құқық қорғау органда­рының кадрлық сапасын жақсартуға, сонымен бір­ге қоғам алдында олар­дың қызметінің ашық бо­­луына үнемі назар аударып келеді. Осы мақсат­­­та «Қазақстан республикасы құқық қорғау ор­ган­дарының қызметкер­ле­рін кезектен тыс аттес­таттаудан өткізу туралы» Жарлыққа қол қо­йылды.

Қостанай облыстық про­­куратурасының бұқа­ра­лық ақ­­­­­парат құралдары өкілде­рі­­­­­мен жүргізген бри­­фингі осы тақырыпқа арналды. Қадағалау органдары қыз­меткерлері аттестаттауда полиция өкілдері сияқты дене-күш дайын­ды­ғынан тест тапсырмайды. Оның есесіне құқықтық-заңнама туралы білімі тексеріледі, логикалық ойлау қабілетін бағалайтын тапсырмалар беріледі. Тапсырманы орын­дай алма­ғандар, сұрақтар­ға жауап бере алмағандар қайта тапсырмайды, олар­дың қыз­меті төмендетіледі немесе жұмыстан босатылады.

– Облыстық про­кура­ту­раға 2600 сұрақ келді, сол бойынша дайындалып жатырмыз. Кезектен тыс аттестаттау үш сатыдан тұ­рады. Мамыр-маусым айларында облыстық прокуратура басшылары, маусым-тамыз айларында аудан, қала прокурорлары, ал маусым-қараша айларында жедел құрам өтеді, – деді облыс прокуроры­ның бірінші орынбасары Рашид Әпеков.

Кезектен тыс аттестаттау кезінде прокурор­лар­дың мемлекеттік тілді қай деңгейде білетіндігі қапер­ге алына ма деген журналист сауалына облыс про­курорының бірінші ор­ын­басары «жоқ» деп жауап берді. Ол мемлекеттік тіл­ді үйрену үшін облыс­тық прокуратурада арнайы қа­зақ тілі кабинеті жаб­дық­талғанын айтты.

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА.

ҚОСТАНАЙ.