Сейсенбіден бейсенбіге қараған түні тағы қос кездесу өтті. Англияның «Манчестер Юнайтеді» өз алаңында Испанияның «Барселонасын» қабылдады. Бәсеке тағдырын 13-минуттағы Люк Шоудың автоголы шешті. Алғашында төреші оффсайд белгілеген еді, алайды бейнеқайталауды көргеннен кейін соғылған гол есепке алынды – 0:1. Осылайша, католониялық клуб сырт алаңда жеңіске жетті.
Голландияның «Аяксы» Италияның «Ювентусымен» шеберлік байқасты. 45-минутта Криштуану Роналды соққан голдан кейін қонақтар алға шыққан еді. Бірақ бұл жағдай алаң иелерінің еңсесін түсіре алған жоқ. Екінші кезең басталған бетте Давид Нерес таразы басын теңестірді – 1:1.
Қарымта кездесулер келесі аптада өтеді. 16-шы сәуірден 17-сіне қараған түні «Ювентус» «Аяксты» және «Барселона» «Манчестер Юнайтедті» қабылдайды. 17-ші сәуірден 18-іне қараған түні «Порту» мен «Ливерпуль» және «Манчестер Сити» мен «Тоттенхэм» күш сынасады.