• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Сәуір, 2019

«Үздік педагог – 2019» конкурсының жеңімпазы

1588 рет
көрсетілді

Білікті ұстаз болуды өзіне айқын мақсат етіп қойған Сәбит Тасжарған бүгінде он жылдық тәжірибесі бар, кәсіби маман. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бітіргеннен кейінгі он жылға жуық уақытта тәжірибе жинақтап, ізденістен таймай келеді.

Аталған университетте «Инновациялық менеджмент» мамандығы бойынша магистр дәрежесін де меңгерген. Еңбек жолын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінен бастаған жас маман Алматы Менеджмент университетінде, Нархозда аға оқытушы, одан кейін Халықаралық Бизнес академиясында арнайы пәндер оқытушы болып жалғастырған Сәбит Тасжарған аталған оқу орнында Кәсіпкерлік және бизнес мектебінің жетекшісі ретінде де әрдайым біліктілігін арттырып отыруды өзінің бастыны ұстанымы санайды. Студенттер арасында өткізілген V және VI Республикалық пәндік Олимпидаларына студенттерді дайындап, екі мәрте жеңімпаз атанды. «Еnactus Kazakhstan» студенттік кәсіпкерлік республикалық байқауынан ІІІ орын, «Жастар innovation» байқауының жүлдегері, т.б. жетістіктері жас маманды жаңа бір белестерге шығуға бастап келеді.

«Баланы өз күшіне сендіріп оқыту керектігін» өз кәсібінің ұстанымына айналдырған ол әрдайым оқушыларды ізденістер мен тың ойларға жетелеп, пікірлер алмасып отыруға бағыттайды және әлеуеттерін ашуға бар ынта-жігерін салуда. Осы бағытта өзінің де кәсіби біліктілігін арттыруға байланысты арнайы жоспарлары бар.

Тәжірибелі жас маман Алматы қаласында жас педагогтар арасында өткен жарыста озық шықты. Байқаудың бірінші кезеңінде экономикалық пәндер оқытушыларының арасында І  орынды иеленсе, екінші кезеңде ағылшын, математика, физика,т.б. оқытушылары арасынан үздік шықты.

Осылайша,  Халықаралық Бизнес академиясы арнайы пәндер оқытушысы, кәсіпкерлік және бизнес мектебінің жетекшісі Сәбит Тасжарған, «Жылдың үздік педагогы – 2019» қалалық байқуының жеңімпазы болып танылды. Ендігі басты жоспары – республикалық байқауға қатысып, жеңімпаз атану. Бұл қадам өз кәсібіне берілген, заман жаңалығын жылдам игеруге машықтанған жас педагог үшін жаңа бір белестердің бастауы іспетті.