• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 11 Сәуір, 2019

Еркін күрестен Еуропа чемпионаты аяқталды

1113 рет
көрсетілді

Румынияның астанасы – Бухаресте күрес түрлерінен Еуропа чемпионаты өтіп жатыр. Жарыс жолына алғашқы болып шыққан еркін күрес шеберлері арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер толықтай анықталды.

Алғашқы күні Түркия мен Әзірбайжанның балуандары екі бас жүлдеден олжаласа, тағы біреуі Ресей құрамасына бұйырғаны жайында біз бұған дейін жаздық. Келесі тәулікте тағы бес салмақ дәрежесі бойынша шиеленісті бәсекелер өтті. 61 кило салмақта армениялық Арсен Аратюнян алдына жан салмаса, 74 кило салмақта Италияның өрені Франк Чамизо мықтылығын мойындатты. 86 кило салмақта Владислав Валиев топ жарса, 92  кило салмақта әзірбайжандық Шариф Шарифов шашасына шаң жұқтырмады. Ал аса ауыр салмақ дәрежесінде Түркияның алыбы Таха Ақгүлге тең келер ешкім табылмады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер

57 кило: 1. Сулейман Атли (Түркия). 2. Мүслім Садулаев (Ресей). 3. Махир Амирасланов (Әзірбайжан) пен Владимир Егоров (Македония). 

61 кило: 1. Арсен Аратюнян (Армения). 2. Бека Ломтадзе (Грузия). 3. Ресеп Топал (Түркия) мен Ранди Адриан Фок (Швейцария).

65 кило: 1. Гаджи Алиев (Әзірбайжан). 2. Селахатин Килищалаян (Туркия). 3. Начын Куулар (Ресей) мен Васил Шуптар (Украина). 

70 кило: 1. Мұстафа Кайя (Түркия). 2. Агагусейн Мустафаев (Әзірбайжан). 3. Магомедрасул Газимагомедов (Ресей) мен Магомедмұрад Гаджиев (Польша). 

74 кило: 1. Франк Чамизо (Италия). 2. Зелимхан Хаджиев (Франция). 3. Тимур Бижоев (Ресей) және Автандил Кенчадзе (Грузия). 

79 кило: 1. Джабраил Гасанов (Әзірбайжан). 2. Ахмед Гаджимагомедов (Ресей). 3. Ника Кенчадзе (Грузия) мен Мұхаммет Котаноғлы (Түркия). 

86 кило: 1. Владислав Валиев (Ресей). 2. Петр Янулов (Молдова). 3. Әли Шабанов (Беларусь) пен Фатих Эрдын (Түркия). 

92 кило: 1. Шариф Шарифов (Әзірбайжан). 2. Збигнев Барановский (Польша). 3. Иштван Вереб (Венгрия) пен Ираклий Мицитури (Грузия).

97 кило: 1. Абдулрашид Садулаев (Ресей). 2. Александр Гуштын (Беларусь). 3. Элизбар Одикадзе (Грузия) мен Нұрмагомед Гаджиев (Әзірбайжан).

125 кило: 1. Таха Ақгүл (Түркия). 2. Гено Петриашвили (Грузия). 3. Анзор Хизриев (Ресей) пен Александр Хоцянивский (Украина).

Сөйтіп, еркін күрестен өткен Еуропа чемпионатының командалық есебінде Түркия топ жарды. Анадолы елінің өкілдері 3 алтын, 1 күміс және 3 қоланы олжалады. Екінші орында – Әзірбайжан. Қап тауының қырандары 3 алтын, 1 күміс және 2 қоланы қоржынға салды. Үшінші орында – Ресей. Олар 2 алтын, 2 күміс және 4 қоланы иеленді.