• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
12 Мамыр, 2012

Заман талабы

481 рет
көрсетілді

Заман талабы

Сенбі, 12 мамыр 2012 7:56

Мемлекетіміздің тарихында алғаш рет жүргізілгелі отырған құқық қорғау органдарының жаңа кадрлық әлеуетін қалыптастыру жөніндегі кең ауқымды іс-шара басталып кетті. Осындай кең ауқымды іс-шараға дайындық жұмыстары ретінде шетелдік мемлекеттердің тәжірибелері жан-жақты зерттелген болатын. Мәселен, 2010 жылы Ұлыбританияда құқық қорғау органдары қызметін оңтайландыруға бағытталған «Әлеуметтік жауапкершілік және полицияны реформалау туралы» Заң қабылданды. Нәтижесінде, 2011 жылы Ұлыбритания полициясы 3,2 пайызға қысқарған. Польшада құқық қорғау жүйесіне реформалар жүргізу нәтижесінде Польша полициясы қызметінің тиімділігін айтарлықтай арттырудың сәті түсті.

Көршілес Ресей Федерация­сы­ның құқық қорғау жүйесін реформалау жұмыстары 2010 жыл­дан бері жүргізіліп келеді. Жүр­гі­зіліп жатқан жұмыстардың стра­те­гиялық бағыты «Полиция ту­ра­лы» Федералдық заңда бекітілген. Аталған заңнамалық акт шең­берінде 2011 жылдың 1 нау­рызынан 1 тамызына дейінгі ке­зең­де Ресей ІІМ-нің барлық қыз­мет­керлері кезектен тыс қайта аттестаттаудан өтті, соның нә­ти­же­сінде, ІІМ органдарынан 226900 адам жұмыстан шығарылды, ол жалпы санның 22 пайызын құ­райды. Ресейлік тәуелсіз са­рап­шылардың пайымдауларынша, бұл шара ІІМ-нің кадрлық құ­рамын айтарлықтай қысқартуға және өзгертуге жағдай жасады, құқық қорғау жүйесін, әсіресе, оның басқарушы құрамын елеулі түрде қайта құрылымдау жүзеге асты, ал ол сыбайлас жемқор­лық­тың азаюына көп көмегін тигізді. Әлемдік тәжірибе құ­қық қорғау жүйесі сияқты үлкен де күрделі мемлекеттік жүйенің қызметін сапалық өзгерту мен тиімділігін арттырудың тез және барлық жерде бірдей жүзеге аса бермейтінін көрсетіп отыр.

Дәл қазіргі Қазақстандағы құ­қық қорғау органдары қызмет­керлерін аттестаттау мақсаты – құқық қорғау органдары қызмет­кер­лерін жай ғана жұмыстарынан қысқарту емес, жаңа заман тала­бына сай құқық қорғау орган­да­ры қызметкерлерінің кәсіби дай­ындық деңгейін және білімін анықтау, аталған органдарды мо­ральдық-адамгершілік қасиет­те­рі төмен және жемқорлық әре­кеті арқылы жалпы, мемлекеттің беделін түсіретін біліксіз қыз­мет­кер­лерден тазарту болып табы­ла­ды. Органдарды бүтіндей алғанда мемлекеттің беделіне нұқсан келтіретін моральдық-өнегелілік са­пасы төмен және жемқорлық пи­ғылдағы біліксіз қызмет­кер­лер­ден тазарту да үлкен маңызға ие.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары қызметкерлерінің мо­ральдық-адамгершілік қасиет­те­рі төмен деген пікір жиі айтылып келеді. Әсіресе, қарапайым ха­лық тарапынан арыз-шағым көп. Осыған байланысты, халықтың құқық қорғау органдарының қыз­меткерлеріне деген сенімін қал­пына келтіру өте маңызды. Міне, құқық қорғау органдары қызмет­кер­лерінің жаппай аттестаттаудан өткізудің сыры да осында бол­са керек. Өйткені, құқық қор­ғау органдары басшыларын, өңір­лік және аумақтық маман­дар­ды кезекпен тексерістен өт­кізу бұл істің жоғары нәтижеге қол жеткізетініне кепілдік береді деген үміттемін. Осыған орай бұл саралау, таразылау барысын­да әділеттілікті басшылыққа ала отырып, кәсіби мамандар құ­қы­ның тапталмауына, жеке мүдде­ле­рінің ескерілуіне бірінші кезекте мән берілуі керек деп есептеймін.

 Бауыржан ОМАР,

 құқық-заң магистрі.

Оңтүстік Қазақстан облысы.