Осыған байланысты Жарлыққа сол жерде қол қойғанда қазақ елі өркениетті ел екенін әлем елдеріне көрсетіп, баршамыз марқайып қалып едік.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 9 маусымда президент сайлауы өтетінін хабарлап, ол сайлауды ашық, таза өткізу өзінің берік ұстанымы екенін тағы да барша халық алдында айтып, демократия, өркениет, рухани жаңғыру, жаңару жолында өте маңызды асудан асуға шешінгенімізді көрсете білді.
Біз баяғыдай түкпірде жатқан ел емеспіз. Біздер өркениетті елдердің ішінде өз жоғары орнымыз бар елміз. Жоғарыда айтқандарым соның анық дәлелі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан ашық, таза сайлау тек қана оның берік ұстанымы болмай, еліміздегі сайлауға қатысатын әрбір азаматтың да берік ұстанымы болуы керек. Барлық халық осындай ізгі іске жұмыла кірісуіміз керек.
Кенжеғали САҒАДИЕВ,
академик