• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Сайлау 12 Сәуір, 2019

Ел өміріндегі аса елеулі кезең

843 рет
көрсетілді

Әлем назары тағы да Қазақстанда! Тәуелсіз еліміздің өмірінде ұлы өзгеріс, ұлағатты оқиғалар болып жатыр. Биліктің бейбіт жолмен ауысуы – әлем үлгі алатын ең үздік үлгі болды.

Қазақстан Республикасының Прези­денті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің кемел ойлы, кең тыныс­ты кемеңгерлігін, шешім­ділігін, біліктілігін тағы да таныт­ты. Еліміз үшін тағдырлы кезеңде халық күткен шешім қабылдады. Президенттің кезектен тыс сайлауы 9 маусымға тағайындады. Ғарыштық жылдамдықпен дамып бара жатқан мына алмағайып заман, бұлыңғыр кезеңде дара туған дарындар уақыттың алдын орап, жедел әрекет жасайды. Президенттің кезектен тыс сайлауы туралы Жарлық сондай көре­ген­діктің керемет көрінісі. Уақыт ырғалып, жырғалуды күтпейді.

Қазақстан Республикасының Прези­дентін сайлау күнін белгі­лерде Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш Президент-Елба­сы Нұр­­сұл­тан Назар­баев­пен ақыл­да­сып, қос палатаның спикер­лері­мен, Премьер-Ми­нистр­мен кеңесіп, партия жетек­шілері­мен кездесіп, Консти­туциялық Кеңес­тің келісіміне жүгініп, өзінің жеті емес, жетпіс рет өлшеп бір кесетін шешімді, келісімді кемеңгерлігін тағы да танытты. 

– Ырыс қайда барасың?

– Ынтымаққа.

– Бақыт қайда барасың?

– Бірлікке!. – дейді ескіден жеткен есті сөз. Біз ынтымақ, бірлігі жарасқан елміз. Көшбасшысы кемеңгер, елі еңбеккер болса, онда алынбайтын асу жоқ.

Халқын ойлаған қашанда ұлы. Біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та ел бағына туған сондай тұлғалар! Алла Тағала Алашқа нұрын төгіп тұр, маңдайынан сүйіп тұр. Елі­міз аман, жұртымыз тыныш болсын! Сәбит ДОСАНОВ,

жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 

АЛМАТЫ