• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 12 Сәуір, 2019

Футбол: Ел кубогының жеребесі таратылды

771 рет
көрсетілді

Бүгін Нұр-Сұлтанда футболдан Қазақстан кубогының ¼ финалының жеребесі таратылып, қай командалардың өзара күш сынасатыны белгілі болды.

Ширек финалда Алматының «Қайраты» Қостанайдың «Тобылымен» күш сынасады. «Тараз» Шымкенттің «Ордабасы» клубымен шеберлік байқасады. Өскеменнің «Алтайы»  мен «Атырау» айқасады. Павлодардың «Ертісі» мен Қызылорданың «Қайсары» өзара сайысқа түседі. Бұл бәсекелер 8 мамырда өтеді.

 

Жалпы алғанда биылғы маусымдағы Қазақстан кубогы жолындағы жарыс өте қызықты өтуде. Расында да 1/8 финалда көрермендер небір шиеленісті бәсекелердің болды. Мәселен, «Алтай» мен «Астана» арасындағы матчта жеңімпаз пенальти соғу арқылы анықталды. Сол кездесуде қос команда бір-бірінің қақпасына 31 гол соқты. Бұл – ел футболы тарихындағы рекордтық көрсеткіш.

Соңғы жаңалықтар