Сейсенбі, 22 мамыр 2012 7:26
Кеше, 21 мамырда Ақтау қалалық сотында 2011 жылдың 17желтоқсанында Шетпе стансасында орын алған жаппайтәртіпсіздік фактілеріне қатысты қылмыстық іс бойыншаҚазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 241-бабының 1, 2, 3 бөліктерінде, 299-бабының 1-бөлігінде, 321-бабының 2-бөлігіндеқаралған қылмыстарды жасады деп айыпталған 12 адамғақатысты үкім оқылды.
Сейсенбі, 22 мамыр 2012 7:26
Кеше, 21 мамырда Ақтау қалалық сотында 2011 жылдың 17желтоқсанында Шетпе стансасында орын алған жаппайтәртіпсіздік фактілеріне қатысты қылмыстық іс бойыншаҚазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 241-бабының 1, 2, 3 бөліктерінде, 299-бабының 1-бөлігінде, 321-бабының 2-бөлігіндеқаралған қылмыстарды жасады деп айыпталған 12 адамғақатысты үкім оқылды.
Аталған қылмыстық іске қатысты сот отырысы процескеқатысушылардың, зардап шеккендердің туыс-туғандарының, БАҚөкілдерінің, халықаралық және республикалық байқаушылардыңқатысуымен ашық режімде өтті.
Жаңаөзен оқиғасына байланысты Ақтауда өтіп жатқан сот отырысыныңжұмысына қатысты ойларын білдіруді бір топ белгілі тұлғалардансұраған едік.
«Еуразиялық құқық қорғау орталығы» қоғамдық қорының төрайымыЕңлік Нұрғалиева:
– Жаңаөзендегі оқиғаға байланысты республикалық қоғамдық комиссия құрылған болатын. Сол комиссия мүшесі ретінде мен Ақтау қаласында бірнеше мәрте болдым. Жаңаөзен қаласына да барып, ондағы жұмыскерлермен кездестім. Жаңаөзендегі қайғылы оқиғаға қатысқан балалардың ата-аналарымен жолығып, тіпті кейбір қатысушылармен де кездестім. Осы қоғамдық комиссияның төрағасы Ө.Озғанбаев және еліміздің түкпір-түкпірінен келген түрлі мамандық иелері, саясаткерлер, ғалымдар бар бәріміз, аталған мәселе бойынша көптеген жұмыстар атқардық. Соның арқасында Жаңаөзен оқиғасына қатысты деген күдікпен жүрген 33 адам жауапкершіліктен босатылды. Мұның өзі үлкен жетістік екені сөзсіз.
Сонымен қатар, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен де кездесіп, олардың жұмысында кемшіліктер болса, көрсеттік. Енді қазіргі Ақтауда өтіп жатқан сот процесіне аталған комиссия мүшелері қатысып отыр. Ол сот барысы ашық, әділ өтіп жатыр. Оған қандай да болсын адамдар кіре алады, кімге болса да қатысуға толық мүмкіндік бар. Жәбірленгендер мен жәбірлеушілердің ата-аналары, туыстары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, халықаралық сарапшылар қатысып жүр. Бірде бір адамға қатысуға шектеу қойылмаған. Демек, менің ойымша бұл сот талапқа сай ашық өтуде.
«Әлеуметтік әріптестік орталығы» қоғамдық қорының төрағасы Әлібек Байнешов:
– Бүгінгі өткен сот отырысында он екі айыпталушыға қатысты шешім шықты. Аталған сот процесіне өзім қатысып отыруыма байланысты айтарым, сот барысы ашық өтуде. Негізгі залда бейнекамералар орнатылған. Мұнда сот процесі өтіп жатқан залдан басқа 50 адамға арналған қосымша зал ашылған. Сол сияқты бұқаралық ақпарат құралдары мен блогерлерге арналып арнайы зал жабдықталған. Олар негізгі залдан процесті экраннан онлайн режімінде тікелей көріп, бәріне куә болып отыр.
Ал осы сот процесіне қатысамын деген кез келген адамға толық мүмкіндік бар. Тараптардың ата-аналары, туысқандары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сарапшылар бәрі емін-еркін қатысып отыр. Мұнда тіпті кейбір сот процестеріне Еуроодақ өкілдері, халықаралық құқық қорғаушылар да қатысып жүргені баршаға белгілі. Қазір мұнда өтіп жатқан сот Шетпедегі жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарға, яғни жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырғандар мен билік өкілдеріне қарсылық білдіруге байланысты болып отыр. Сот осының бәрінің анық-қанығына жету үшін ашық та әділ өтуде деп білемін.
«Азаматтық альянс» одағы Маңғыстау облыстық филиалының төрайымы Жақсыгүл МАХАМБЕТОВА:
– Қай адам туысының, не баласының сотталғанын қалайды дейсіз? Жаңаөзен және Шетпедегі тәртіпсіздіктерге байланысты сот процесі басталғалы бері өңір жұртшылығы жазықсыз азаматтар сотталмаса екен, аз-кем қателігі болса, мемлекет тарапынан кешірім жасалса екен деген тілектің үстінде еді. Сол себептен соттың өту барысын жіті қадағалап келеді. Сотталушылардың ағайын-туыстары, қазақстандық және шетелдік қоғамдық ұйымдар өкілдері де, тіпті еліміздегі АҚШ, Ұлыбритания секілді елдердің елшілері де сот процесінің ашық, әрі заң талабына сәйкес өтуін бақылауда. Сот отырыстарына қатысқысы келгендердің барлығына да қатысуға мүмкіндік жасалды. Бүгін міне, Шетпедегі оқиғаға байланысты соттың заң талаптарына сәйкес үкім шығарғанына куә болдық.
Бұл соттың алдын-ала тергеуде айып тағылғандардың басым көпшілігі, яғни, жеті азамат ақталып, сот залынан босатылды. Бұлардың барлығына да Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты рақымшылық жасалды. Бір-бір отбасының тірегі бола алатын атпал азаматтардың сот залынан босатылуы олардың отбасыларындағы адамдардың жүрегінде сенімнің үмітін оятты. Мемлекет өз азаматтарының құқығы тапталмағанын, кішігірім қателіктерін түзетуіне мүмкіндік беруді қалайды. Бүгін соған көзіміз жетті.
Маңғыстау облысы.
__________________
Маңғыстау облыстық сотының мәліметтері бойынша Ақтау қалалық сотының үкімімен Ж.Е.Мырзатаев ҚР ҚК-нің 299-бабының 1-бөлігінде және 241-бабының 2, 3-бөліктерінде қарастырылған қылмыстарды жасағаны дәлелденбеуіне байланысты ақталды, оған қатысты «ешқайда шықпау және тиесілі мінез-құлқы туралы қолхат» түріндегі жазаның күші жойылды.
Б.Ж.Жылқышиев ҚР ҚК-нің 299-бабының 1-бөлігінде және 241-бабының 3-бөлігінде қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін айыпты деп танылып, ол бойынша оған 2 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. «ҚР мемлекеттік Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының 4-бабына сәйкес Б.Ж.Жылқышиев жазадан босатылды. Оған қатысты «Тұтқындау» жазасының күші жойылып, ол сот отырысы залында қамаудан босатылды.
Д.Е.Сәдіғұлов ҚР ҚК-нің 241-бабының 1-бөлігінде қарастырылған қылмыстарды жасағаны дәлелденбеуіне байланысты ақталды, ҚР ҚК-нің 299-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, ол бойынша оған 2 жыл бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. «ҚР мемлекеттік Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының 4-бабына сәйкес Д.Е.Сәдіғұлов жазадан босатылды. Оған қатысты «Тұтқындау» жазасының күші жойылып, ол сот отырысы залында қамаудан босатылды.
А.Б.Төлеев ҚР ҚК-нің 241-бабының 3-бөлігінде қарастырылған қылмыстарды жасағаны дәлелденбеуіне байланысты ақталды, ҚР ҚК-нің 299-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, ол бойынша оған 2 жыл бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. «ҚР мемлекеттік Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының 4-бабына сәйкес Төлеев А.Б. жазадан босатылды. Оған қатысты «Тұтқындау» жазасының күші жойылып, ол сот отырысы залында қамаудан босатылды.
К.И.Төлеуов ҚР ҚК-нің 241-бабының 3-бөлігінде қарастырылған қылмыстарды жасағаны дәлелденбеуіне байланысты ақталды, ҚР ҚК-нің 299-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, ол бойынша оған 2 жыл бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. «ҚР мемлекеттік Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының 4-бабына сәйкес К.И.Төлеуов жазадан босатылды. Оған қатысты «Тұтқындау» жазасының күші жойылып, ол сот отырысы залында қамаудан босатылды.
Е.К.Дұрысбаев ҚР ҚК-нің 241-бабының 3-бөлігінде қарастырылған қылмыстарды жасағаны дәлелденбеуіне байланысты ақталды, ҚР ҚК-нің 299-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, ол бойынша оған 2 жыл бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. «ҚР мемлекеттік Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының 4-бабына сәйкес Е.К.Дұрысбаев жазадан босатылды. Оған қатысты «Тұтқындау» жазасының күші жойылып, ол сот отырысы залында қамаудан босатылды.
А.Ж.Адиев ҚР ҚК-нің 241-бабының 3-бөлігінде қарастырылған қылмыстарды жасағаны дәлелденбеуіне байланысты ақталды, ҚР ҚК-нің 299-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, ол бойынша оған 2 жыл бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. «ҚР мемлекеттік Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының 4-бабына сәйкес Адиев А.Ж. жазадан босатылды. Оған қатысты «Тұтқындау» жазасының күші жойылып, ол сот отырысы залында қамаудан босатылды.
К.Ермаханұлы ҚР ҚК-нің 299-бабының 1-бөлігінде және 241-бабының 2-бөлігінде қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін айыпты деп танылып, ол бойынша оған 3 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63-бабына сәйкес тағайындалған жаза 2 жыл сынақ мерзімімен шартты. Оған қатысты «Тұтқындау» жазасының күші жойылып, ол сот отырысы залында қамаудан босатылды.
Н.Е.Сабырбаев ҚР ҚК-нің 299-бабының 1-бөлігінде және 241-бабының 2-бөлігінде қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін айыпты деп танылып, ол бойынша оған жалпы режімдегі колонияда 4 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.
Е.Р.Мамбетов ҚР ҚК-нің 299-бабының 1-бөлігінде және 241-бабының 1-бөлігінде қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін айыпты деп танылып, ол бойынша оған жалпы режімдегі колонияда 5 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.
Г.К.Бақытжан ҚР ҚК-нің 299-бабының 1-бөлігінде және 241-бабының 1-бөлігінде қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін айыпты деп танылып, ол бойынша оған жалпы режімдегі колонияда 5 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.
К.О.Авезов ҚР ҚК-нің 299-бабының 1-бөлігінде және 241-бабының 1-бөлігінде қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін айыпты деп танылып, ол бойынша оған жалпы режімдегі колонияда 7 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ және тараптардың 15 күн ішінде Маңғыстау облыстық сотының апелляциялық сот алқасына шағым айтуларына немесе наразылық білдірулеріне болады.