• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Сәуір, 2019

Теңіз кен орнында қызылша ауруының тарауы тіркелген жоқ

883 рет
көрсетілді

Атырау облысында, соның ішінде Теңіз кен орнында эпидемиологиялық ахуал қалыпты, -деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мамандарының қорытындысы бойынша, қызылша ауруымен тіркелгендер саны азайып келеді. Жыл басынан бері Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында қызылша ауруының 4 дерегі тіркелді.

- Алғашқы оқиға қаңтар айында анықталды, наурызда қызылшамен 3 адам ауырды. Ауырғандардың екеуі қарым-қатынас арқылы жұқтырған, жастары 45-тен жоғары, вакцинаға алуға жатпайды. Басқа қарым-қатынастағы адамдар вакцинация алды. Аурудың тарауы тіркелген жоқ, жағдай бақылауда,-деді Атырау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті.

Айта кетсек, жыл басынан бері аймақта қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациямен 9 мың адам қамтылған. Сәуір айынан бастап қауіп-қатер тобындағы 9-10 айлық нәрестелер, 40 жасқа дейінгі медициналық қызметкерлер мен қызылша ошағындағы 30 жасқа дейінгі адамдар екпе алды.

-11 сәуірдегі мәлімет бойынша қосымша 1062 адамға екпе салынды. Қызылшаға қарсы иммундау жұмыстары жалғасуда, алдын алу, эпидемияға қарсы шараларды үйлестіру штабы құрылды, тұрғындармен түсінік жұмыстары жалғасын тауып жатыр,-деп нақтылады Департаментте.

Қазір Атырау облысында қызылшаға қарсы вакцина жеткілікті. Биыл 16000 доза вакцина алынды, тағы қосымша 15450 алынады, сонымен қатар, қауіп-қатер тобындағыларға салуға 20500 доза вакцинаға тапсырыс берілді. Екпе салу жұмыстары арнайы кабинетте өтуде. Медициналық қызметкерлер вакцинация өткізу бойынша дайындықтан және аттестациядан өткен.