• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
29 Мамыр, 2012

Білім мен білікті саралау

273 рет
көрсетілді

Білім мен білікті саралау

Сейсенбі, 29 мамыр 2012 7:47

Елбасының биылғы Жолдауында назарға алынған басты 10 бағыттың бірі – құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс қайта аттестаттаудан өткізу мәселесі. Осы игі істің орындалуын нақтылау мақсатында Президенттің «Қазақстан Рес­публикасы құқық қорғау органдары қызмет­керлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Жарлығы шықты.

Жолдауда көрсетілген іс-ша­раларды уақытылы өз деңгей­інде жүзеге асыру барысында, көп­теген кешенді жұмыстар атқары­лып жатыр. Қазіргі таңда қайта аттестаттаудан өткізудің мақсаты мен тәртібі барлық сатыдағы құ­қық қорғау органдары жеке құра­мына толығымен таныстырылып, хабардар етілді. Бұл жасалып жатқан кешенді шараның мақса­ты құқық қорғаушылардың білімі мен біліктілігін саралап, қандай дәрежеде екендігіне көз жеткізу.

Халықтың құқығы мен бос­тан­дығын қорғау жолында қыз­мет атқаратын құқық қорғау­шы­лардың білім сапасының жоғары болуы – азаматтардың құқықта­ры­ның өз деңгейінде қорғалуы­на кепілдік береді. Ата За­ңы­мыздың 1-бабында: «Қазақстан Республикасы өзiн демокра­тия­лық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостан­дық­тары», делінген. Ендеше елі­міздің қымбат қазы­насы болып табылатын адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостан­дық­т­арын қорғау үшін, құқық қорғау органдарында оларға қо­йылатын талаптарға сай білімді де, білікті мамандар қызмет атқа­ру тиіс.

Ақбұлан САЛБЕКҰЛЫ, Қорғалжын аудандық прокуратурасының қызметкері.

Ақмола облысы.