АҚШ-тың Санрайз қаласында өтіп жатқан ITF турнирінде қазақстандық теннисші Дмитрий Попко жартылай финалда күш сынасу құрметіне ие болды.
Алғашқы екі айналымда АҚШ-тың қос ойыншысы Кристиан Элшон мен Стефан Козловты қапы қалдырған жерлесіміз ширек финалда тағы америкалық теннисші Харрисон Адамспен шеберлік байқасты.
22 жастағы Адамс әлемдік рейтингте 444 орында тұр. Дмитрий Попко АТР тізімінде 623 сатыға жайғасқан. Соған қарамастан жеңіске жету үшін отандасымыз бұл бәсекеде барын салып, көздеген мақсатына қол жеткізді. Үш сеттік сайыс 6:4, 4:6, 6:3 есебімен аяқталды.