• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Сәуір, 2019

14 сәуірде «Атырау марафоны» басталады

845 рет
көрсетілді

14 сәуірде «Атырау марафоны» өтетіні белгілі. Осы жарысқа даңқты желаяқ Марат Жыланбаев та қатысады.

Бұл есім жанкүйерлерге жақсы таныс. Қазақ марафоншысы ең ірі шөлерді – Сахара (1700 шақырымды 24 күнде), Қарақұм (1200 шақырымды 20 күнде), Үлкен Виктория (1600 шақырымды 22 күнде) және тағы басқаларын жүгіріп өткен жер бетіндегі жалғыз адам. Биіктігі 5 642 шақырымды құрайтын Эльбрус тауына жеті күннің ішінде жүгіріп шықты. Өзінің спорттық ғұмырында ол тұтастай алғанда 160 мың шақырымдық қашықтықты бағындырған екен. Осы секілді керемет көрсеткіштерінің арқасында әйгілі қандасымыздың есімі Гиннесс рекордтар кітабына жеті мәрте тіркелді.

­55 жастағы Марат Жыланбаев Атыраудағы дүбірлі додаға қатысып қана қоймай, жиналған қауымға марафон мен ультра-марафон жүгіруде өзі ойлап тапқан жаттығу жүйесі жайында біраз мағлұмат береді. 13 сәуір күні даңқты желаяқ Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің стадионында жаттығу өткізеді.