• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Сәуір, 2019

Уақтылы шешім - Анар Жайылғанова

1367 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 9 сәуірде елімізге және әрқайсысымызға қатысты аса маңызды Үндеу жариялады. Оның бұл шешімі еліміздегі тұрақтылықты сақтап қалу үшін жасалған тарихи оқиға. Кезектен тыс өтетін Президент сайлауы тек қазақстандықтар үшін ғана емес, сондай-ақ біздегі көптеген инвесторлар үшін де ұтымды қадам болып отыр.  Конституцияға сәйкес Мемле­кет басшысының осындай тарихи шешім қабылдауы елдегі тұрақ­тылық пен бейбітшіліктің сенім­ді кепілі болмақ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы­мен, Конституциялық кеңеспен, Пар­ламент палаталарының спикер­лерімен және саяси пар­тиялардың басшыларымен кеңесе отырып шешім қабылдады. Еліміздегі билік­тің осылайша ауысуы тұрақ­тылыққа бастайтын жол деп есептеймін.  Президент сайлауы көп күттір­мейтін іс. Демократиялық түрде сайланған Президент ел басқарса орынды болады. Ел таң­даған Мемлекет басшысы халық­тың сенімді мандатына айналады.  Анар ЖАЙЫЛҒАНОВА, Парламент Мәжілісінің депутаты