«Түркістан-Самарқанд» халықаралық автобус бағыты ашылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, Түркістан облысында 44 тасымалдаушы 1224 дана автобуспен (шағын автобуспен) жолаушылар тасымалдау қызметін көрсетуде. Облыстағы тұрақты бағыттар желісі – 325 бағыттағы 1090 кестеден тұрады. Облыс бойынша 2018 жылы 797 млн. жолаушы тасымалданған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,8 пайызға жоғары.