• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
Президент 16 Желтоқсан, 2016

Елбасы «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіндегі нысандарды аралады

5528 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1300 пәтерге арналған ЭКСПО қалашығын, «MEGA Silk Way» сауда-сауық орталығы ғимаратын, ЭКСПО офисін және «Энергия зерттеу орталығын» аралап көрді, деп хабарлайды akorda.kz.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Алжир, Қатар, Қытай, Малайзия, Үндістан елдерінің экспозициясы орналасатын халықаралық павильондармен танысты.

Соңында Елбасы кеңес өткізіп, онда «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының халықаралық көрмеге әзірлік барысы туралы баяндамасын тыңдады.

«Қазіргі уақытта 112 ел көрмеге қатысатынын растады, соның ішінде 104 ел өздерінің комиссарларын тағайындады. 94 келісімге қол қойылып, 75 мемлекет ұлттық күнін өткізу үшін нақты датаны алдын ала белгіледі», – деді А.Есімов.

Кеңес барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа арнаулы халықаралық комиссия іріктеп алған энергетика саласындағы үздік 24 жобаға қатысты шешім жөнінде мәлімделді. Бұл жобалар көрменің арнаулы павильонында ұсынылатыны атап өтілді.

«Екі жылда аса ауқымды жұмыс атқарылды. Енді бұл нысандарды жабдықтап, тиісті кадрларды даярлауымыз қажет. Бұл – басты міндет, біз оны бақылауда ұстайтын боламыз», – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрге «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен және Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп, халықаралық мамандандырылған көрме аяқталғаннан кейін оның нысандарын әрі қарай пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырды.