• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Маусым, 2012

Заңнаманы жетілдіру қаралды

324 рет
көрсетілді

Заңнаманы жетілдіру қаралды

Жұма, 8 маусым 2012 7:54

Қуаныш Сұлтановтың төр­ағалы­ғымен Президент жа­нын­дағы Адам құқықтары жө­ніндегі комиссиясы сарапшылар кеңе­сінің кеңейтілген отырысы өтіп, онда Қазақстан Республика­сы­ның қылмыстық және қылмыс­тық іс жүргізу заңнамасын же­тілдіру мәселе­лері талқыланды.

 

Жұма, 8 маусым 2012 7:54

Қуаныш Сұлтановтың төр­ағалы­ғымен Президент жа­нын­дағы Адам құқықтары жө­ніндегі комиссиясы сарапшылар кеңе­сінің кеңейтілген отырысы өтіп, онда Қазақстан Республика­сы­ның қылмыстық және қылмыс­тық іс жүргізу заңнамасын же­тілдіру мәселе­лері талқыланды.

Сарапшылар кеңесі отыры­сының жұмысына билік тар­мақ­тарының заң шыға­рушы, атқа­рушы және сот орган­дарының, құқық қорғау және құқық қол­дану органдарының өкілдері, құқықтанушы ғалым­дар, халық­аралық және үкі­меттік емес құқық қорғау ұйым­дарының өкілдері, адвокаттар қатысты.

Күн тәртібінің бірінші мә­се­­лесі бойынша Адам құ­қық­тары жөніндегі комис­сия­ның сарапшылары, заң ғы­лымда­рының док­торы, про­фессор Арыстан Ахпанов және заң ғылым­да­рының док­­торы Раиса Юрченко баян­­дама жасады.

Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу заңнамасын Қазақ­стан­­­ның адам құқықтарын қорғау саласындағы халық­аралық мін­деттемелеріне сәй­кес жетілдіру мәселелері жан-жақты талданды.

Сарапшылар қылмыс жаса­ған адамдардың жолын кесуге қатысты шараларды қолдану саласындағы қазақстандық заң­­нама мен құқық қолдану прак­тикасының адамның не­гізгі құқықтары мен бостан­дық­та­рының сақталуына қан­ша­лықты кепілдік беретінін қарады.

Талқыланған мәселе бойынша Комиссия бұрындары өз пікірін Мемлекет басшысы бе­кіт­кен 2009-2012 жылдарға ар­налған Қазақстан Респуб­лика­сындағы адам құқықтары сала­сындағы ұлттық іс-қимыл жоспарында білдіргені атап өтілді.

Сөз сөйлегендер қылмыс­тық құқықты одан әрі жетіл­діру, ко­декстердің, әсіресе, конс­титу­ция­лық құқықтар мен бостан­дық­тарды шектейтін­де­рінің сапасын көтерумен байланысты екенін, бұлардың осы саладағы проблемаларды шешуге қолай­лы алғы­шарт жасайтынын атап өтті.

Күн тәртібінің екінші мәсе­лесі бойынша Комиссия хатшысы Тастемір Әбішев сөз сөйлеп, отырысқа қатысушы­ларды Сарапшылар кеңесінің жұмысы­мен таныстырып, жұ­мыс жоспары, сараптама­лық қызметті жетілдіру жолдары туралы баяндады.

Адам құқықтары жөніндегі комиссиясы сарапшылар ке­ңесі­нің ұсынымдары уәкілетті мем­лекеттік органдардың назарына жеткізілетін болады.

«Егемен-ақпарат».