• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Руханият 15 Сәуір, 2019

«Ақмешіт» фольклорлық ансамблі Мәскеуде өнер көрсетті

871 рет
көрсетілді

Мәскеуде Кремль сарайында Ресей президенті В.Путиннің қатысуымен Бүкіләлемдік авиация және космонавтика күні аталып өтті.

Авиация және ғарыш қызметкерлері мен ардагерлерін Владимир Путин, сонымен қатар, РФ Үкіметі Төрағасының қорғаныс-өнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша орынбасары Юрий Борисов және «Роскосмос» ғарыш қызметі мемлекеттік корпорациясының бас директоры, РФ Президентінің халықаралық ғарыш ынтымақтастығы бойынша арнаулы өкілі Дмитрий Рогозин құттықтады.

Қазақстан делегациясының атынан Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев пен ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев құттықтау сөз сөйледі.

Мерекелік концертте Кремль сарайы сахнасында Қызылорда облыстық филармониясының «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі өнер көрсетті. Ансамбльдің солисі Назым Сағынтай Латиф Хамидидің «Бұлбұл» әнін орындады.