• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 15 Сәуір, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен кеңейтілген құрамда кездесті

1131 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сәлемін жеткізіп, оның Қазақстан мен Өзбекстан қарым-қатынастарының дамуына сіңірген өлшеусіз еңбегін ерекше атап өтті.

– Біз шағын құрамдағы кездесу кезінде сабақтастықтың сақталып, мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға уағдаластық, – Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті қазіргі саясат екі мемлекеттің ұлттық мүддесіне толықтай сәйкес келетінін атып өтіп, келіссөздер барысында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру үшін үкіметаралық комиссияны Үкімет басшыларының деңгейіне көтеру туралы шешім қабылданғанын айтты.

– Біз Өзбекстанның дамуын зор қызығушылықпен бақылап отырамыз. Сіздер бірқатар бағыт бойынша реформалар жүргізіп, соның ішінде мемлекеттік басқаруды, экономиканы либерализациялауды жетілдіріп, халықтың әл-ауқатын арттыру ісінде таңқаларлық жетістіктерге қол жеткіздіңіздер, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент ретіндегі алғашқы мемлекеттік сапарын Өзбекстаннан бастағанына тоқталып, бұл қадамның стратегиялық әріптестікті тереңдетіп, қалыптасқан қарым-қатынастарды жалғастыруға бағытталғанын атап өтті.

– Қазақстанмен достық қарым-қатынасты, тату көршілікті нығайту – Өзбекстанның сыртқы саясатының басым бағыты. Нұрсұлтан Әбәшұлы Назарбаев екеуміз екі ел арасындағы  қарым-қатынастардың берік іргетасын қалап, өзара байланысты жаңа деңгейге көтере алдық, – деп түйіндеді Шавкат Мирзиёев.

Сонымен қатар, мемлекеттер басшылары кеңейтілген құрамдағы кездесуде екіжақты және халықаралық байланыстардағы өзекті мәселелер жөніндегі, нақтырақ айтқанда, БҰҰ, Ислам ынтымақтастық ұйымы және Аралды құтқару халықаралық қоры аясындағы мүдделері мен ұстанымдары сәйкес келетінін атап өтті. 

Келіссөздер барысында тараптар құқық қорғау органдары, арнайы қызмет және қорғаныс ведомстволары саласы бойынша қауіпсіздік пен тұрақтылықты, тығыз ықпалдастықты қамтамасыз ету, жолаушылар және жүк тасымалдау ісін, өзара сауда және өнеркәсіп кооперациясын жандандыру мәселелерін талқылады.