Сейсенбі, 12 маусым 2012 7:17
Жыл басынан бері жырланған аттестаттау қаhары құқық қорғауоргандарын жылы орындарынан тұрғызғалы да біраз болды. Бұлсынақ туралы еліміздің талай мамандары өз пікірлерін білдірді.Өйткені, осы жолғы аттестаттау қатардағы жай сынақ қана болыпқалмай мемлекетке, ең бастысы ортақ тәртіптің сақталуы үшінзаңымыздың орындаларына сенген қарапайым азаматтарымызғапайдасы тиер деген үкілі үмітке айналды. Енді сол күткен сәт те туды.Біз осы орайда ел тілегін ескеріп, аттестаттау қалай өтіп жатыр екендеген оймен әуелі Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетітөрағасының орынбасары А.ЕРЖАНОВҚА кеден органдарындағыкезектен тыс аттестаттау барысына байланысты сұрақты жолдадық.Бұған Аманияз ҚАСЫМҰЛЫ былай деп жауап қайтарды.

– Қазақстан Республикасының кеден органдарында кезектен тыс аттестаттаудан құқық қорғау бөлімінің қызметкерлері, яғни: контрабандаға қарсы күрес бөлімшелері мен ішкі қауіпсіздік және жедел кезекшілік қызмет бөлімшелері өтеді. Аталған санаттағы лауазымды тұлғалардың штат саны шамамен 900 маманды (жеке құрамның 15%) құрайды. Ал бұдан басқа құқық қорғау бөлігіне жатпайтын қызметкерлер арнайы шендерінен айырылады.
Кезектен тыс аттестаттау 3 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде Президент Әкімшілігі жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясынан Комитет Төрағасының орынбасары, аумақтық кеден органдарының бастықтары мен олардың құқық қорғау бөлігіне жетекшілік ететін орынбасарлары өтті.
Екінші кезеңде ҚМ Кедендік бақылау комитетінің номенклатурасына енетін құқық қорғау бөлігінің лауазымды тұлғалары (комитеттің контрабандаға қарсы күрес басқармасы, ішкі қауіпсіздік басқармасы мен жедел кезекшілік бөлімінің қызметкерлері мен аумақтық кеден органдарының ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің қызметкерлері) аттестатталады.
Үшінші кезеңде аумақтық кеден органдарының Өңірлік аттестаттау комиссиясынан аумақтық кеден органдарының номенклатурасына енетін құқық қорғау бөлігінің (контрабандаға қарсы күрес басқармасы, жедел кезекшілік қызмет бөлімінің) қызметкерлері өтеді.
Сонымен, Мемлекеттік қызмет істері бойынша агенттігінде аумақтық кеден органдарының үш бастығы мен екі бастықтың орынбасарынан тұратын кеденнің бірінші тобы басқа құқық қорғау органдары құрамымен заңнамаларды білу және логикалық ойлау қабілетін тестілеу кезеңінен өтіп үлгерді. Олар денсаулық, жауынгерлік және қызметтік даярлығы бойынша белгіленген нормативтерді тапсырудан ойдағыдай өтті. Бұдан соң аттестатталушылармен Астана қаласының Медициналық университетінің психологтары психологиялық тұрақтылығын тексеру үшін әңгімелесу өткізді.
Алдын ала деректер бойынша, бірінші кезеңінен өткен кеден органдарының барлық қызметкерлері жақсы көрсеткіштер байқатқан. Енді аттестаттаудың екінші кезеңіне сай орталық аттестаттау комиссиясы өз жұмысына кіріседі.
Жалпы аттестаттау құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сапа деңгейін анықтауға әсер етеді, кадрларды орналастыру мен жасақтауда талдау жасауға, сонымен қатар лауазымды тұлғалардың білім деңгейін арттыруға себебін тигізеді. Құқық қорғау органдарында білікті, білімді, дені сау, мемлекетке пайдалы, Отанымыз үшін аянбай қызмет ететін адамдар қызмет етуі қажет. Демек, аттестаттау нәтижесі құқық қорғау бөлігінде қызмет етуге сәйкес кадрлар қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жазып алған
Александр ТАСБОЛАТОВ,