• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
16 Сәуір, 2019

Биыл экспорт көлемі 1,27 млрд долларға жетеді - Ауыл шаруашылығы министрі

852 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров «Шикізаттық емес экспортты ілгерілету және Ұлттық экспорттық стратегияны іске асыру барысы туралы» баяндамасында айтты.

«Елбасы 2022 жылға қарай өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,5 есе ұлғайту міндетін қойған болатын. Осыған байланысты АӨК-ні дамытудың мемлекеттік бағдарламасында өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2021 жылы 2,4 млрд АҚШ долларына дейін жеткізу жоспарлануда. Бұл ретте биыл экспорт көлемі 1,27 млрд АҚШ долларына дейін жететін болады», деді министр.

 Сондай-ақ министр 2018 жылдың қорытындысы бойынша өңделген өнім экспорты нақты мәнде 6,4%-ға және ақшалай мәнде 3,5%-ға ұлғайғанын айтып өтті.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша 1,125 млрд АҚШ доллары сомасына (3,0 млрд АҚШ доллары сомасындағы жалпы АӨК өнімдерінің экспорты көлеміндегі үлесі ақшалай мәнде 37,2%) 3,5 млн тонна (13,4 млн тонна жалпы АӨК өнімдерінің экспорты көлеміндегі үлесі нақты мәнде 26,3%) өңделген ауыл шаруашылығы өнімі экспортталды. АӨК өнімдерінің барлық 533 экспорттық тауар тобынан 275 өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің түрі экспортталады. Бұл ретте, өткен жылы бірінші рет өңделген өнімдердің 17 жаңа түрі экспортталды» деді Ауыл шаруашылығы министрі.