• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Сәуір, 2019

Ертең еліміздің бірқатар аймағында ауа райы бұзылады

940 рет
көрсетілді

Ертең Ақмола, Қызылорда, Қостанай және Батыс Қазақстан облысы аумағында дауылды ескерту жарияланды деп хабарлайды «Қазгидромет».

Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні 23 м/с күтіледі.

Көкшетау қаласында таңертең және күндіз тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні  15-20 м/с күтіледі.  Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90%.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, күндіз найзағай, шквал, шығыс, оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100 %

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады түнде кей жерлерде, күндіз кей уақытта 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ: 17 сәуірде жел солтүстік-батыстан 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі. Орал қ.: 17 сәуірде күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 17 м/с-ке күшеюі күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %