• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 18 Сәуір, 2019

Жыраудың басына кесене орнатыла ма?­

1505 рет
көрсетілді

Жақында Жарма ауданының орталығы – Қалбатау ауылында «Ұлы даланың жеті қыры – ұлттық ұлы құндылық» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткен еді.

Алматыдағы М.Әуезов атын­­­дағы Әдебиет және өнер институты Абайтану және әдебиет тари­хы бөлі­­мі­нің меңгерушісі, профессор Серік­қазы Қорабай, Семей­дегі Шәкәрім атындағы мем­­лекеттік университетінің про­фессоры, тарихшы Мұх­тарбек Кәрімов, осы оқу орнындағы ақындар мекте­бінің жетекшісі Айман Ақ­та­нова секілді ғалым­дар қа­­тысқан шара барысында Жар­ма өңірінің есімдері ел­ге әйгілі, даңқты тұлғаларын ұлық­­­тау жайы жан-жақты сөз бол­ды. Әсіресе әдебиет зерт­теушісі Серікқазы Қора­­байдың айт­қан ұсыныстары көпшіліктің көңілінен шық­қаны анық. Біреу білер, бі­реу білмес, «Күлдір де күл­дір кісінетіп, Күреңді мінер ме екенбіз» деп жыр толғаған атақты Ақтамберді жыраудың Абай ауданы Құн­­­дызды ауылы шетіндегі Жүрекадыр жотасына жер­лен­гені белгілі.

С.Қорабайдың айтуынша,­ тұлғаға өткен ғасырдың 80-­жылдар шамасында сол кез­­де­гі Се­мей облыстық пар­­тия ко­ми­­тетінің бірін­ші хат­шысы Кеші­рім Бозтаев­тың күш салуымен төрт қа­быр­ғалы, шағын бейіт тұр­­ғы­зылыпты. «Ол уа­қытта үл­кен кесене тұрғызуға рұқсат бе­­рі­лмеді ғой. Ақтамберді жы­­­­раудың Кеңес заманында са­­лын­ған бейітін еңселі кесенеге айналдыру – баршамыз үшін үлкен парыз. Бір өкініштісі, не Семейде, не Өскеменде жы­рау атында көше жоқ. Атақ­ты Түбек және Сабырбай ақындардың да бейіттері жермен жексен болып кеткен. Мүлде белгі жоқ. Ертең мүлде ескерусіз қа­лады ғой. Айт­­­пақшы, Жар­ма ауданының ор­талығы – Қалбатауда Т.Бай­қош­қарұлы деген көше бар. Шынын айтсам, мұны ешкім түсін­бейді. Осыны Түбек ақын көшесі деп дұрыстап атау керек. Ол заманда ақынды ешкім Т.Бай­­қош­қарұлы деп атаған жоқ қой», дей­ді ғалым.

Зерттеуші сонымен қа­тар Үшбиік ауылында Сыбан­нан шыққан 17 ақынға музей ашылса, Қалбатаудағы көшелердің біріне «Он жеті ақын» атауы­ берілсе, Жар­ма ауданында «Ұлы бабалар ізімен» атты ғы­лы­­ми-та­нымдық экспедиция ұйым­­дас­тырылса, Ақтам­берді жырау, Ақтайлақ би, Дулат, Са­­бырбай, Түбек ақын­дарға аудандық өлке­­тану музейінен арнайы бұ­рыштар жасақталса, олар­дың өлеңдерін жатқа айту­дан оқушылар арасында аудан­­дық сайыс өткізілсе, осы тұл­ғалардың есімдері Өс­­­­­­ке­мен, Семей, Астана қа­ла­­­ларындағы көшелерге бе­рілсе деген ұсы­­ныс­тарын жет­­­­­кізді. «Жарма өңі­рінен шық­­­қан қазақ цирк өнерінің не­гізін салушылардың бірі, «Ағашаяқ» атанып кеткен Назаролла Жүндібайұлының 200 жылдығы былтыр ес­керу­сіз қалды. Шалабай ауы­лының маңында жерлен­ген тұлғаның жатқан жерінде де еш белгі жоқ», дейді С.Қорабай.  Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы