• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Сәуір, 2019

Қостанай облысында бала туу көрсеткіші төмендеген

1384 рет
көрсетілді

Бұл туралы «Облыстық денсаулық сақтау басқармасы және облыстағы медицина ұйымдарының 2019 жылдың І тоқсанындағы жұмыс қорытындылары және саланы дамытудың стратегиялық бағыттары туралы» деген тақырыпта өткен облыс әкімдігінің кеңейтілген алқа отырысында айтылды.

Бала туу көрсеткіші 1000 тұрғынға шаққанда соңғы бес жылда  тұрақты төмендеп отырған. Мысалы, өткен жылдың өзінде 1000 адамға шаққанда 13,2 баладан келген, (жыл бойы 11500 нәресте дүниеге келген), бұл көрсеткіш республика бойынша 21,7 құрайды. Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында облыс көрсеткіші 3,23 болды.

Облыста 222 мың бала көтеретін жастағы әйел бар. Перзентханаларда 420 төсек бар, соның 203 төсегі ана мен нәрестеге арналған және гинекологиялық төсектер. Жылдың бірінші тоқсанында Жангелдин ауданында бір ана өлімі орын алды. Қазір тиісті орындардың осы оқиға бойынша тексеруі жүріп жатыр. Алқа отырысында тоқсан қорытындысын баяндаған Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Орал Бекмағамбетов бұл оқиғаның алдын алуға болатындығын жасырмады. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Жангелдин аудандық ауруханасының бас дәрігері Қуат Әлмағамбетовке қатаң ескерту жасады, егер қайталанса, жұмыстан босатуға дейін баратынын айтты. Өңір басшысы айналдырған 12 мың тұрғыны бар ауданда аяғы ауыр әйелдердің күтімін, тексерілуін уақытылы қадағалау керектігін, ана мен бала денсаулығына салғырттық кешірілмейтінін де еске салды.

Қостанай