• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Сәуір, 2019

Португалияда туристік автобус апатқа ұшырап, 29 адам қаза тапты

857 рет
көрсетілді

Португалияның Мадейра аралында туристік автобус апатынан 29 адам қаза тауып, 27 адам зардап шекті. Қаза болғандардың барлығы дерлік Германиядан келген туристер.

Оқиға сәрсенбі күні сағат 18.30-да болған. Жүргізуші автобусты басқара алмай қалған. Автобус жолдан шығып, үйдің төбесіне құлап кеткен. Жергілікті БАҚ автобуста 51-ден 55-ке дейін адам болғанын хабарлады.

Португалия премьері Антониу Кошта Twitter-де қаза болғандардың отбасыларына, сондай-ақ, Германия канцлері Ангела Меркельге көңіл айтты.