• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
21 Тамыз, 2012

Көлік саласы қауіпсіз болсын десек

355 рет
көрсетілді

Көлік саласы қауіпсіз болсын десек

Сейсенбі, 21 тамыз 2012 7:23

Бас көлік прокуратурасы 2012 жылдың бірінші тоқ­са­нын­да белгілі бір жұмыстар атқарды, атап айтқанда, қабылданған ұйымдастыру-практикалық ша­ра­лар қадағалаудың барлық салалары бойынша жұмысты жан­дандыруға жағдай жасады.Прокурорлар проблемалы ай­мақтар мен орын алуы мүмкін қатерлерді барынша қамтуға, ақпараттық-талдау және болжау жұмыстарының сапасын арт­тыруға тырысты. Сонымен бірге, күшейіп тұрған терроризм мен экстремизм қатерін ескеріп қа­дағалаушылық қызметте көлік нысандарының қорғалуы мәсе­ле­­сіне басымдық берілді.

Сейсенбі, 21 тамыз 2012 7:23

Бас көлік прокуратурасы 2012 жылдың бірінші тоқ­са­нын­да белгілі бір жұмыстар атқарды, атап айтқанда, қабылданған ұйымдастыру-практикалық ша­ра­лар қадағалаудың барлық салалары бойынша жұмысты жан­дандыруға жағдай жасады.Прокурорлар проблемалы ай­мақтар мен орын алуы мүмкін қатерлерді барынша қамтуға, ақпараттық-талдау және болжау жұмыстарының сапасын арт­тыруға тырысты. Сонымен бірге, күшейіп тұрған терроризм мен экстремизм қатерін ескеріп қа­дағалаушылық қызметте көлік нысандарының қорғалуы мәсе­ле­­сіне басымдық берілді.

Осы саладағы ахуалға талдау жасау және халықаралық тәжі­рибені пайымдау көлік қауіп­сіздігі мәселелерін тиісті норма­тивтік құқықтық реттеудің жоқ­тығына байланысты елеулі кем­шіліктердің бетін ашты. Мәсе­лен, күзеттің жетімсіздігі, вокзалдар мен өзге де көлік нысан­дарының техникалық нашар қам­тамасыз етілуі лаңкестікке қарсы жұмысты тиімді жүргізуге айтарлықтай кедергілер келтіре­ді. Осы орайда Ресейде 2010 жыл­дан бастап халықтың көлік­тегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі кешенді бағдарлама­ның күшіне енгендігі назар ауда­руға тұрарлық тәжірибе. Бағдар­ламалық құжаттар қабылдаудың сыртында, «Бірқатар заңнамалық актілерге көлік қауіпсіздігін қам­тамасыз ету мәселелері бойынша толықтырулар мен өзге­рістер ен­гізу туралы» заң жобасын әзір­леу ісін де жеделдету қажет.Егер көліктің негізгі түрле­ріндегі қауіпсіздік мәселесіне келер болсақ, мұнда бұрынғы­сын­ша моральдық тұрғыда ескірген жылжымалы құрамды, жол техникаларын пайдалану, құрылғы­лардың тозуы, ескірген жөндеу технологияларын пайдалану не­гізгі қауіп-қатерлер болып табылады. Вагондар мен локомотивтер жөндейтін зауыттардың ашыл­ғанына, магистральдық же­лілерге жөндеу жұмыстарының жүргізілгеніне қарамастан жақ­сару жағына қарай елеулі өзге­рістер әзірге байқалар емес. Мә­селен, бірінші жартыжылдықта темір жолдағы қауіпсіздіктің бұзылуы 26 пайызды, оның ішін­де, кемшіліктер 19 пайызды құ­ра­ды. Үстіміздегі жылдың екін­ші тоқсанында жүргізілген тексерулер қорытындысы бойынша ғана өкілетті орган да, ұлттық тасымалдаушы да есепке алма­ған қауіпсіздік жағдайы бұрма­ла­­­нуы­ның 50 дерегі анықталды. Қадағалау актілері бойынша 61 бірліктегі жылжымалы құрам, оның ішінде, 25 локомотив пен 30 вагонды пайдалануға тыйым салынып, магистральды және стансалық жолдардың жекелеген учаскелерінде жылдамдыққа шек­теулер қойылды.Халықтың жарақаттану жағ­дайларын азайтуға бағытталған «Болат магистральдардағы қа­уіп­сіз өмір» тұжырымдамасын жүзе­ге асырудың алдын-ала шы­ғарыл­ған мәліметтері де белгілі болып отыр. Жыл сайын магистральды желілерде 100-ден ас­там адам жарақаттар алады, сонымен бірге соңғы кездері тұр­ғындардың жа­рақаттану жағ­да­йы­ның өсе түс­кендігі де бай­қа­лып отыр. Әсіресе, жылма-жыл пойыз астына түсіп қаза тауып жатқан балалар жа­рақаттануы айрықша алаңдаушы­лық туғызады.Бұл мәселе Көлік және коммуникациялар министрлігі, Жол полициясы комитеті және «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшыларының қатысуымен Құқық қорғау ор­гандарының үйлестіру кеңесінде қаралып, азаматтардың жарақат алу фактілерін азайту үшін нақтылы шешімдер қалыптас­тырылды. Қабылданған шаралар нәтижесінде «ҚТЖ» АҚ темір жолдардың неғұрлым қауіпті деген учаскелерін қоршауға, сол сияқты 184 өтпе жолдарды шлагбаум орнатып және кезекші бекеттер қойып күзетілетін кате­горияға көшіруге  1,3 миллиард теңге бөлді. Сонымен қатар, бү­гінде жаяу жүргіншілер үшін темір жолдар арқылы 209 төсе­ніш төселіп, 486 ескерту белгі­лері жаңартылды.Азаматтық авиация саласында да авиациялық оқиғалар са­ны­ның өсуі байқалуда. Өкілетті органның қанағаттанғысыз жұ­мысы салдарынан азаматтық авиацияда орын алған жүйелік проблемалар шешімін таба алмай келеді. Үкіметтің Еуроодақ елдеріне ұшуға тыйым салынған отандық әуе тасымалдаушыларды «қара тізімнен» шығару жөнінде қарастырған шаралары орындалмай отыр.Азаматтық авиация саласында орын алған проблемалар жөнінде біздің бастамамыз бойынша Бас прокуратура Мемлекет басшысы мен Премьер-Министрге хабарлады.Темір жол көлігімен тасымалданатын экономикалық контрабанданы анықтау жөніндегі жұмыстарды белсенді жүргізу тұрғысында сыртқы экономика­лық қызмет субъектілерінің «Дос­­­­тық» темір жол өтпесі ар­қы­лы тасымалданатын тауарларына күн сайын мониторинг жүргізіледі. Осындай механизм бойынша тауарды нақты декла­рацияламаған 16 факті анықта­лып, олар бойынша 2 қылмыс­тық іс, 5 әкімшілік құқық бұзу­шылық туралы іс қозғалды, 1 материал Бас прокуратураға жібе­рілді. Қалған деректер бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.Бүтіндей алғанда, көлік прокурорлары экономикалық контрабанда фактілері бойынша 7 қылмыстық іс қозғады. Алматы қаласында Ираннан енгізілетін тауарды нақты декларацияламау жолымен пайдаға асырып отыр­ған экономикалық контрабан­даның жақсы жолға қойылған қылмыстық схемасы анықталды.Біздің кеден саласындағы қа­дағалау актілеріміз бойынша мемлекет бюджетіне 1,7 миллиард теңгеден астам қаржы түсті. Бұл жұмыс әр кезде де біздің тұрақты бақылауымызда тұр.Азаматтардың конституция­лық құқықтарын қорғау көлік прокурорларының көкейкесті міндеттерінің бірі болып қалып отыр. Сондықтан да, еңбек са­ласындағы әлеуметтік проблема­ларға тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Осылайша, 34838 адамның конституциялық құ­қық­тары қорғалып, 3 миллиард теңгеден асатын еңбекақы бойынша борыштар жойылды.«Арал бойындағы экология­лық апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңда қарасты­рылған әлеуметтік төлемдердің төленуін қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыстар жүргі­зілді. Экологиялық коэффи­циентті дұрыс қолданбау салдарынан тек «ҚТЖ» АҚ пен оның аффилирленген кәсіпорындары ғана 2009-2010 жылдары 19 жұмыскерге еңбекақыны кем төлеген. Бас көлік прокура­турасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атына түсірген ұсынысы бойынша аталған жұмыскерлерге 3 мил­­лиард 133 миллион теңге қайта есептелді.Бас көлік прокуратурасы кә­сіп­керлік қызметке кедергі кел­тіру фактілерін анықтауда да бел­гілі бір жұмыстар жүргізуде. Мәселен, үстіміздегі жылы Шым­­кент стансасында желілік ішкі істер учаскесі қызметкері тарапынан «Қойма» ЖШС-нің қызметіне кедергі келтіру дерегі анықталды. Ол бойынша қыл­мыс­тық іс қозғалып, нәтиже­сінде тоқтатып қойылған ва­гондардың қозғалысына рұқсат берілді. Ал бұрмалаушылыққа барған қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл сияқты мысалдарды көптеп келтіруге болады.Метрополитенде заңнамалар­дың қолданылуына бақылау жасау көлік прокуратурасы органдары үшін тың іс болып отыр. Екінші тоқсанда осы саладағы заңдылық жағдайына жүргізіл­ген талдаулар Көлік және коммуникациялар министрлігінің метрополитен қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер әзірлеу жөніндегі өз қызметтерін  тиісті деңгейде атқармайтынын көрсетті. Мәселен, метродағы қозғалыс қауіпсіздігін, оның ішінде пайдалану, қызмет көр­сету мен көліктің аталған түрін жөндеу тәртібін реттейтін нор­мативтік құқықтық базалар мүл­де жоқ. Осыған орай біз орын алған олқылықтарды жою жө­нін­де ұсыныс жобасын әзірледік.Қорыта айтқанда, көлік прокуратурасы органдары өз міндет­терін әр кезде де талап тұрғы­сында атқаруға дайын.

Ыбырай ТІЛЕУҒАЛИЕВ,Бас көлік прокуроры, аға әділет кеңесшісі.