«Smart Aqmola» мемлекеттік мекемесінің жетекшісі Ғалымжан Бежентаев облыс басшысы Ермек Маржықпаевқа 2018 жылдың 24 мамырынан бастан іске қосылған жоба барысынан мәлімет беріп, 2019 жылға арналған жоспарлар туралы баяндады.
Жобаның негізгі тірегі Ақмола облысының геопорталы (geo.smartaqmola.kz) және өңір әкімдігінің ақпараттық-талдамалы жүйесі (ИАС) болып табылады. Облыста орталықтың ақпараттық-талдамалық жүйесінің 1 кезеңі тәжірибелік негізде іске қосылған. Мұндағы «BI-аналитик» жүйесі өңірдің барлық ведомстволарынан – аудандық бөлімдерден облыстық басқармаларға дейін келіп түсетін деректер мониторингін өңдеуге және пайдалануға бағытталған. Жедел деректердің 800-ден астам түрі талданып, өңдеуден өткізілуде.
Бұл жүйе БАҚ интернет ресурстарын және әлеуметтік желілердің нақты уақыттағы мәліметтерін пайдаланады. Тағы бір өзекті жаңалық автоматтық-ақпараттық жүйеге қосылу арқылы құрылыс нысандарындағы барлық жұмыс ауқымын (құжаттар деректерін қосып есептегенде) бақылауға мүмкіндік туып отыр. Мұндағы «Аndroid» платформасы, «Сұрау салу», «Анықтама», «Жаңалықтар» және «Туристік әлеует» бағыттары баршаға қолжетімді екендігі қызықтырады.
Офис жұмысын бастағалы «Балаларды мектепке және балалар бақшасына қабылдауды автоматтандыру», тұрғын үй-коммуналдық қызметті цифрландырудың «Е-КСК» қосымшасы, «Қауіпсіз қала» жобасы, тағы басқа қызметтер іске қосылыпты. Кең тармақты «call-орталық», вэб-сервис жедел қосымшасы да тұрғындардың тіршілік қабілетін арттыра түсетіні белгілі. Көкшетаулықтар үшін «smart-квартал» жобасы өте тиімділігімен ерекшеленеді деп күтілуде. Бұл кварталдарда ақылды «жарықтандыру», «домофон» және «шлагбаум» жүйесі қызмет көрсететін болады. Сондай-ақ, автоматты ауа желдеткіштері, Wi-Fi, арнайы қызметтерді шақыру түймелері мен бейнебақылау камералары орнатылмақ.
Ақмола облысы