• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 19 Сәуір, 2019

Мәжіліс депутаттары ТМД Парламентаралық Ассамблеясының шараларына қатысты

922 рет
көрсетілді

Мәжіліс депутаттары Санкт-Петерборда өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының іс-шараларына қатысты. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Онда ТМД ПАА-ның 49-шы пленарлық, Тұрақты комитеттердің отырыстары және Халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі конференция өтті. 

Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Ерман терроризмге қарсы тұрудың, саяси мәселелер мен халықаралық ынтымақтастықтың жалпы стратегиясын қалыптастыруға халықаралық институттардың рөлі туралы Конференцияның бірінші сессиясын жүргізді. 

Конференцияда терроризмге қарсы іс-қимылдағы халықаралық институттардың рөлі, экстремистік идеяларды таратуда желілік технологияларды пайдалануды болдырмау, лаңкестерді қудалау және терроризмді қаржыландырудың жолын кесу мақсатында заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды. 

Мәжіліс депутат Жанат Жарасов Қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі, ал Евгений Козлов Құқықтық мәселелер бойынша тұрақты комиссиялардың жұмыс топтарында болды. Сондай-ақ, Мәжіліс депутаты Қанат Мусин ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына қатысты.