• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 19 Сәуір, 2019

Н.Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің Бюро отырысы өтті

791 рет
көрсетілді

Депутаттар қарауына «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда ұсынылды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл заң жобасы әкімдік-деликтік заңнамасын одан әрі жетілдіруге, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексті ізгілендіруге және репрессивтілігін төмендетуге бағытталған. 

Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті электрондық форматқа кезең-кезеңмен аудару көзделген. 

Сонымен қатар, Палатаның алдағы жалпы отырысының күн тәртібіне «1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы төртінші хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы енгізіледі.