• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Қыркүйек, 2012

Алматыдағы алқалы жиын

371 рет
көрсетілді

Алматыдағы алқалы жиын

Сенбі, 1 қыркүйек 2012 7:51

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің жиналыс залында Конституция күніне орайластырылған «Конституция – қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғыртудың негізі» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

 

Сенбі, 1 қыркүйек 2012 7:51

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің жиналыс залында Конституция күніне орайластырылған «Конституция – қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғыртудың негізі» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

Еуропа кеңесінің Құқық ар­қы­лы демократия үшін еуро­па­лық комиссиясының президенті, Еуропа кеңесі Венеция комис­сия­сының мүшесі, Еуропаның саксондық әділет министрінің орынбасары, ТМД Эконо­мика­лық сотының төрағасы хатшы­лы­ғының басшысы, Халық­ара­лық құқықтық ықпалдастықтың герман қоры Қазақстан жоба­сы­ның өкілі, Берлин Жерінің Конс­титуциялық соты төрағасының орын­басары, Австрия, Түркия, Ко­рея, Германия, Ресей, Латвия, Молдова, Беларусь, Литва, Әзер­байжан, Грузия, Тәжікстан, Ук­раина мемлекеттерінің конс­ти­ту­циялық соттарының төрағалары бар жиырмадан астам елдің ресми өкілі қатысқан бұл жиында мемлекеттің негізгі заңы мен адам құқықтары, мемлекет­тер­дің конституциялық дамуы барысына арналған баяндамалар жасалды.

Ғылыми-практикалық конференция жұмысына Конс­титу­ция­лық Кеңес төрағасы Игорь Рогов, Әділет министрі Берік Имашев, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, аталмыш жоғары оқу орнының ректоры, Ғалымқайыр Мұтанов, Қазақ­стан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Ас­қар Шәкіров, Қазақстанның білі­мі мен ғылымының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен ше­телдік қонақтар қатысты. Алыс-жақын шетелдерден келген қо­нақтар мен конференцияның қа­ты­сушыларын қала әкімі Ахметжан Есімов құттықтап, жылы лебізін білдірді. Консти­ту­ция­лық Кеңес төрағасы Игорь Рогов алғашқы сөзінде Конс­ти­ту­циямыздың қабылданған алғаш­қы күннен бастап тағдырдың өзі, Тәңірдің байламы бір шаңы­рақ­тың астында тату күн кешуді жаз­ған көпұлтты еліміздің тату­лығы мен тұрақтылығына қыз­мет ете отырып, Тәуелсіз Қазақ­стан мемлекетінің қарыштап дамуына, толассыз өсуіне кепіл болып келе жатқан заңдар жиы­н­тығы, тіпті, ең басты ұста­ны­мымыз бен киелі қағидамызға айналғандығын баса атап өтті.

Қазақстан Респуб­ликасын­да­ғы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров моде­ра­тор­лық еткен конференцияның ал­ғаш­қы баяндамасын «Қазіргі қо­ғамда Конституцияның аксио­ло­гиялық негіздерін әлеуметтік тұр­ғыдан қабылдау» деген тақы­рыпта Армения Республикасы Конституциялық сотының төра­ға­сы, Жаңа демократия елдері­нің конституциялық бақылау органдары конференциясының тө­ра­ғасы Гагик Арутюнян жасады. Қазақстан халқы мен ғылыми-практикалық конференция қо­нақ­тарын Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Конституциясы күні­мен құттықтай келе, ол еліміз­дегі трансформациялық консти­ту­цио­налдылықты орнатудың өзін­дік жолының таңдалуы ТМД елдері үшін айтарлықтай үлгі болғанын, Қазақ елі азамат­та­ры­ның Конституцияның бұлжымай сақталуын және Ата Заңға шек­сіз құрмет танытатындығын тіл­ге тиек етті. Елбасы Н.Назар­баевтың Астана қаласында өт­кен конференцияда «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарусыз әлемге» тақы­рыбында сөйлеген сөздерінің маң­ызы мен бүгінгі әлемдегі қауіп-қатерлерді терең пайымдау екендігін атап айтты. Ол адамзат қолданысындағы Конституция ұғы­мын жан-жақты талқылап, бел­гілі бір тәртіппен өрілген заң­дар жүйесінің өзектілігін, мем­лекеттің әрбір азаматына, жалпы адамзатқа қызмет ететін, құқықтылықты қатаң сақтайтын заңдар қағидатының дамуы мен ауқымдылығына тоқталды, сон­дай-ақ, ол Армения Республикасы Конституциялық сотының ше­шімімен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы Игорь Рогов мырзаны Конституция мен әділет саласына қосқан үлесі мен атқарған қызметі үшін Алтын жұлдызға ұсынғандығын жеткізді.

Тұлғаның конституциялық құ­қықтары мен бостандықтары құқықтық мемлекет пен азамат­тық қоғамның өзара әрекеттесуі барысында соттардың Германия Конституциялық сотына өтініш жасау тәртібі туралы Халық­аралық ынтымақтастық жөнін­дегі герман қоғамының «Орта­лық Азия елдеріндегі құқықтық және сот реформаларын қолдау» бағдарламасының Қазақстандағы және Тәжікстандағы жоба же­тек­шісі Йорг Пуделька баяндама жасады. Өз сөзінде Германия өкілі Қазақстан Республикасының Конс­ти­туциясы қазақстандық қо­ғам дамуының қауіпсіздігі мен тұрақтылығының негізі екен­ді­гіне тоқталды.

Шетелдік қонақтардан кейін ҚР ҰҒА академигі, заң ғылым­да­рының докторы, профессор Сұл­тан Сартаев, Алматы қаласының прокуроры Берік Асылов, аталмыш оқу ордасының ғалым-ұс­таздары Дәулет Байділдинов, Зайлағи Кенжалиев, Алуа Ибраева, Серікқали Тыныбековтер жә­не еліміздің өзге де оқу орда­ла­рының ғалымдары сөз кезегіне ие болды. Конституциялық Ке­ңес мүшесі Ілияс Бақтыбаев Әл-Фараби атындағы киелі қара ша­ңы­рақта өткен ғылыми-прак­ти­ка­лық конференцияны қорытын­дылап, келген қонақтарға алғысы мен ризашылығын жеткізді.

Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

Суретті түсірген

Талғатбек АСАНОВ.