• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
21 Қыркүйек, 2012

Қылмыстық істер азайды

355 рет
көрсетілді

Қылмыстық істер азайды

Жұма, 21 қыркүйек 2012 7:25

Облыстың ішкі істер департаментінің мәліметтеріне сәйкес, ресми түрде 10 мыңнан астам нашақорлар есепке алынған. Олардың жастары орташа 15 пен 19 аралығында.

Жыл сайын облыста 20 пайыз нашақор тіркеледі. Осымен қатар, прокурорлық тексеру келесідей көрсетті: өткен жылы облыс орта­лы­ғында есірткі заттары мен жүй­кеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымымен байланысты қарал­ған қылмыстық істердің саны азайған.

Өскемен қалалық №2 соты қараған қылмыстық істердің 18 пайызы есірткі заттардың заңсыз айналымымен байланысты. Ау­дан­­­­аралық мамандандырылған сот осындай қылмыстық істердің 60 пайызына үкім шығарды. Алайда, есірткі заттары бойынша соттар қараған істердің жалпы саны өт­кен жылдың осы тектес мерзімі­мен салыстырғанда 4 есе азайған.

Есірткі заттарының заңсыз айналымымен байланысты қылмыс­тары үшін сотталған әйелдердің саны да азайды. 2011 жылдың 1 жар­ты­жылдығында 9 әйел адам сотталса, осы жылы 7 әйел адам сотталды.

Мысалы, 2012 жылы Өскемен қаласындағы бір мектептің 8-сынып оқушысы өте ірі мөлшерде – 60 грамм героин сақтағаны үшін 3 жыл­ға бас бостандығынан айы­рыл­ған.

М.Александра деген 17 жасар қыз тәжірибелі нашақор болып шықты. Ол мектеп қабырғасында жүргенде есірткі заттарын пайдалана бастаған. 9-сыныпты әзер бітірді. Қазіргі кезде ол 3 жылға бас бостандығынан айырылып, колонияда отыр. Оны колонияда мәжбүрлі түрде емдейді.

2 топтағы мүгедек С.Фатима екі баланың анасы. Бұрын сот­тал­маған. Есірткі заттарын сатумен айналысқан, бұл оның отбасына тұрақты табыс әкелетін. Сотта Фатима өзінің кінәсін мойындамады.

Құқық қорғау органдары ес­ірт­кі бизнесінде отбасының барлық мүшелері есірткі сатумен айналасатынын жасырмайды. Егер, әкесі ұсталып қалса, шешесі мен балалары да жастарына қарамай, оның ісін жалғастыруға тырысады. На­шақорлар мен есірткі заттарды сатушылар салдарды ойлап жатпайды. Олар өз еркімен ем­делгісі де келмейді. Нашақорлар есірткі заттарын қабылдағаннан бастап 5-7 жыл ғана өмір сүреді.

Лариса Мостовенко-АБЖАНОВА,

Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы

басқарма­сының аға прокуроры.