• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
12 Қазан, 2012

Сот жүйесі: біліктілік пен жауапкершілік артады

338 рет
көрсетілді

Сот жүйесі: біліктілік пен жауапкершілік артады

Жұма, 12 қазан 2012 7:01

«Жоғарғы Соттан бастап, бүкіл сот жүйесіне өздерінің жауапкершілігі мен біліктілігін арттыру, сөйтіп өз жұмысын жетілдіруді өздері бастау талабы қойылады», деп атап айтылған болатын Мемлекет басшысының Қазақстан халқына биылғы Жолдауында. Шын мәнісінде де судьялық этика нормаларын сақтау, сот процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету және судьяның кәсіби біліктілігі мен шеберлігін қалыптастырудың маңызы зор екендігі айтпаса да түсінікті. Бүгінгі күннің басты әрі өзекті талабына айналып отырған бұл мәселелер Алматы қалалық сотында өткен «Соттар және БАҚ» атты жиында кеңінен сөз болды.

Алматы қалалық сотының төрағасы Мейрамбек Таймерденовтің пікірінше, «ақпарат алмасудың бү­­­­гін­­­гідей жаңа әрі сапалы кезеңінде сот жүйесінде жа­­­­рия­­­­­лылық пен ашықтық басты қажеттілікке айналуда». Сондықтан да Алматы қалалық соты келешекте осы бағытта бірқатар іс-шараларды жүзеге асырмақ. «Ұлан-байтақ Қазақстандағы ең ірі шаһар – Алматы тек ин­вес­т­орлардың ғана емес, қылмысқа икемі барлардың, құқық бұзушылардың да назарын өзіне аударуда. Екі миллионға жуық тұрғыны бар қалада, өкінішке қарай ірі қылмыстар да орын алып отырғаны жасырын емес.Менің ойымша, көпшіліктің, қала тұрғын­дары­ның сот билігі, сот төрелігінің жүргізілуі бағытын­дағы жұмыстар жөнінде хабардар болуының қа­жет­тілігі де, берері де мол екендігі сөзсіз. Соған орай, бүгінгі күні есігін айқара ашып отырған «Баспасөз орталығында» жүйелі түрде «Ашық есік күнін» ұйымдастыру жоспарланып отыр. Тұрақтылық сипат алатын мұндай кездесулердің мазмұнды өте­тіндігіне сенім мол», деді Мейрамбек Таймерденов өз ойын ортаға салып.Адам тағдыры таразыға түсетін сот жұмысының күрделілігі мен жоғары жауапкершілігі және алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралар туралы жиынға қа­ты­­сушылар салмақты ойларымен бөлісті. Алматы қа­лалық соты қылмыстық істер жөніндегі апелля­циялық сот алқасының төрағасы Лұқмат Мерекенов, судья Шол­­пан Құрманбекова және басқалар БАҚ өкіл­де­рі­нің көптеген сауалдарына жауап берді. Сонымен, жалпылай алғанда еліміздегі сот билігіне көпшіліктің құр­­­метін қалыптастырудың тиімді жолдары кәсіби іс­­кер­­лікпен және іргелі ізденіспен келмек. Көп түйіні осы.Бақыт БАЛҒАРИНА,«Егемен Қазақстан».Алматы.