Жұма, 6 қаңтар 2012 7:03
– Ата, атасы-ау! Хауызға осылай жиі келесіз бе?
– Иә, қалқам. Әлгі құрдасымды тоқалы қоярда-қоймай шақырып кетпегенде, бұл хауыздың түпкі қызығына енді кенелер едік… Мына сырадан алып отырсайшы.
– Мұндай харамға менің аузым берік еді.
Жұма, 6 қаңтар 2012 7:03
– Ата, атасы-ау! Хауызға осылай жиі келесіз бе?
– Иә, қалқам. Әлгі құрдасымды тоқалы қоярда-қоймай шақырып кетпегенде, бұл хауыздың түпкі қызығына енді кенелер едік… Мына сырадан алып отырсайшы.
– Мұндай харамға менің аузым берік еді.
– Жап-жас боп, ә? Отыздан енді асқан шығарсың? Бар қызықтан ерте түңілгенің не, шырағым-ау?
– Нағашы атамның бауырында өскенмін. Жарықтық, діндар кісі еді. Имандылыққа баулығаны үшін мәңгілік қарыздармын!
– Біз де көштен қалып жүргеніміз жоқ!
– Жетпістен астым дедіңіз, өңіңіз керемет сақталған!
– Шүкір, көңіл тоқ! Қалтам қалың. Зейнет жастың да өз қызығы жетерлік екен. Әлгі құрдасымның жетелеп апармайтын жері жоқ… Жасарып жүргеніміздің бір сыры сол дегендей… Сосын, виски ішсең, жүрек қызынып, қан атойлайды…
– Енді, ата, рухани жағынан да ойдағыдай дем алатын шығарсыздар? Басқасына артық кетпейікші.
– Қимылды күйттеп бильярдқа барсақ, әлгі «жетекшім» соңында күтпеген қызыққа батырады-ай кеп. Қалай бұлтарасың, икеміне көнесің.
– Кітап оқу жағына қалайсыз?
– Тү-у, мына сыраның салқынын-ай! Кекірік атқызды-ау. Аңқам кеуіп отыр еді, лезде басты. Не дедің жаңа?
– Кітап оқисыз ба деп сұрадым.
– Ол жағынан ұяттымын. Әлгі досым кейде тықпалап оқытады. Қазір… Авторын ұмыттым… «Бейпіл сөздер» деген тамаша кітапты басыма жастанып оқып жатырмын.
– Естімеппін ондай кітапты. Аталуы қандай жаман!
– Несі жаман. Өйтіп бекер шошыма сен. Қазақтың эротикалық фольклоры екен. Өмірімде сүйсініп оқыған жалғыз кітабым осы шығар.
– Мен тойдым, ата! Жиналайын.
– Бір ұрттам сыра ішкен жоқсың. Неменеге тойындың? Өйтіп сен қырсықпа, бала! Келеке қылма мені. Тойдым дейді… Жас басыңмен бәрінен құр қалып, нендей ұшпаққа жетпекшісің? Ертең менің жасыма келгенде, өмірді қалай сүрмексің? Бар қызықты тәрк етіп… Мезгілінен бұрын қытымыр, қаусаған шалға айналарсың, мына түріңмен! Уһ-уһ, жүрегім қолқамды суыратындай аптығып атқылайтын болғаны несі…
Қайсар ӘЛІМ.