Сәрсенбі, 1 тамыз 2012 7:24
Мектеп оқушыларын мемлекеттің ұлттық парктерін, табиғи қорықтарын, табиғи резерваттарын қолдауға қатыстыруды көздейтін «Саябақтар шеруі» атты табиғатты қорғау шарасына Шалдай орта мектебінің ұжымы белсене қатысуда. Мектеп директоры Үміт Қайдағұлованың айтуынша «Ертіс орманы» мемлекеттік орман резерватымен жасалған келісімге сәйкес жазғы уақытта Шалдай, Сейтен, Бауыртал, Галкин, Садықащы орман шаруашылығы аумағында мектеп оқушылары үшін 202 жаңа жұмыс орыны ұйымдастырылды. Шалдай мектебінде мектепішілік орман шаруашылығы құрылды.
Сәрсенбі, 1 тамыз 2012 7:24
Мектеп оқушыларын мемлекеттің ұлттық парктерін, табиғи қорықтарын, табиғи резерваттарын қолдауға қатыстыруды көздейтін «Саябақтар шеруі» атты табиғатты қорғау шарасына Шалдай орта мектебінің ұжымы белсене қатысуда. Мектеп директоры Үміт Қайдағұлованың айтуынша «Ертіс орманы» мемлекеттік орман резерватымен жасалған келісімге сәйкес жазғы уақытта Шалдай, Сейтен, Бауыртал, Галкин, Садықащы орман шаруашылығы аумағында мектеп оқушылары үшін 202 жаңа жұмыс орыны ұйымдастырылды. Шалдай мектебінде мектепішілік орман шаруашылығы құрылды. Жас орманшыларға арнайы киім сатып алынды. Мектепішілік орман шаруашылығына арнайы бөлме бөлініп, оған жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Алдымен, мектеп оқушылары «Қанатты достар» атты бағдарлама аясында ормандағы құстарға астаушалар жасады. Оларға жем салып, ағаш пен бұтақтарға орналастырды. Сондай-ақ орман іші қоқыстан тазартылып, көптеген ағаш көшеттері отырғызылды.Осындай шаралардың барысында «Семей орманы» резерватының орманшылары балаларды жабық тамыр жүйесімен екпе көшеттерді өсіру әдісімен таныстырды. Біздің еліміздің қарағайлы ормандары туралы әр түрлі фильмдер көрсетті. Орман зиянкестері жайында сөз қозғап, орманды мекендейтін жануарлар туралы қызықты әңгімелер шертті. Ал оқушылар болса, «Орман – біздің ортақ үйіміз» тақырыбына шығармалар жазып, табиғатқа деген көзқарастарын білдірді.Фарида БЫҚАЙ,«Егемен Қазақстан».Павлодар облысы.