• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Қыркүйек, 2012

Көрінген таудың алыстығы жоқ десек те

414 рет
көрсетілді

Көрінген таудың алыстығы жоқ десек те

Сәрсенбі, 5 қыркүйек 2012 7:53

Сіз не дейсіз?

Мемлекет басшысы Н.На­­зар­баевтың нұсқауымен елі­міз­дің солтүстік өңірін та­би­ғи газбен қамтамасыз ету жөніндегі кең ауқымды жоба астаналық облыс тұр­ғын­да­рын ерекше желпініске түсі­ру­де. Елбасының Көкше жұрт­­­шылығымен кездесуін­де мемле­кет­аралық келісім­дер тия­нақ­талып, дайын­дық жұмыс­тары басталға­ны айтылды. Осыған орай, газетіміздің тіл­шілер қосы­на оқырман­да­ры­­мыздан мә­се­ле­нің мән-жа­йын тереңі­рек білуге қа­тыс­ты өтініш­тер келіп түсуде.

Сәрсенбі, 5 қыркүйек 2012 7:53

Сіз не дейсіз?

Мемлекет басшысы Н.На­­зар­баевтың нұсқауымен елі­міз­дің солтүстік өңірін та­би­ғи газбен қамтамасыз ету жөніндегі кең ауқымды жоба астаналық облыс тұр­ғын­да­рын ерекше желпініске түсі­ру­де. Елбасының Көкше жұрт­­­шылығымен кездесуін­де мемле­кет­аралық келісім­дер тия­нақ­талып, дайын­дық жұмыс­тары басталға­ны айтылды. Осыған орай, газетіміздің тіл­шілер қосы­на оқырман­да­ры­­мыздан мә­се­ле­нің мән-жа­йын тереңі­рек білуге қа­тыс­ты өтініш­тер келіп түсуде.

«Егемен Қазақстанның» Ақмола облысы бойынша тілшісі Бақберген Амалбек Ақмола  облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Александр Мартыненкоға:

– Сіз бұған не дейсіз?– Бұрын-соңды болмаған жобаны іске асыруға миллиардтаған қаржы, безбенге сыймайтын қажыр-қайрат жұмылдырылады. Тұ­ты­ну газы орталық құбыр же­лісі арқылы Тобыл-Қостанай-Көкшетау-Астана бағытында тасымалданып, солтүстік өңір жыл сайын 1,5 миллиард текше метр табиғи газды пайдаланатын болады. Мұның үштен бірі біздің облыстың қажеттілігіне жаратылады деп күтілуде. Яғни, облысымыздың 141 елді меке­нін­дегі 368 мың тұрғын «көгіл­дір отынның» игілігін көреді.Жоба сатылы кезеңмен жү­зе­ге асырылып, 2014 жылы толық аяқталады деп жоспар­лан­ған. Қазіргі міндет – жобалау және сметалық құжаттарды үстіміздегі жылдың желтоқса­нын­да аяқтап, негізгі жұмысты келесі жылы бастап кету. Көк­шетау мен Щучье қаласының, Бурабай, Бұланды, Зеренді, Ең­бекшілдер, Ақкөл аудан­дары­ның тұрғындары алғашқы тұ­ты­нушылар болмақ. Есте ұс­тай­тын мәселе, барлық нысанды табиғи газбен бір мезетте қамтамасыз ету мүмкін емес. Ол жүйені жетілдіру барысында шешімін табатын болады.Табиғи газ аязға төзімді бол­ғандықтан, құбырларды жер астымен тартудың сонша­лық­ты қажеттілігі жоқ. Құ­ры­лысқа темір құбырлармен бір­ге, полиэтилен бұйымдары ке­ңі­нен қолданылады. Мұны айтып отырғаным, отандық кә­сіп­орындарға, оның ішінде біз­дің «Тыныс» акционерлік қо­ғамы мен «Арыстан» зауыты өз өнімдерін ұсынуға мүмкіндік алады. Бағалы отынды үздіксіз әрі толық көлемде жеткізіп тұру үшін бірнеше автоматтан­ды­рылған газ бөлу стансалары салынады. Жаңа жұмыс орындары көбейеді.Жоғарыда айтқанымыздай, 2014 жылы негізгі магистраль іске қосылады және біз оған дайын болуымыз керек.Алдын ала есеп бойынша, газ отынының 1000 текше метрі 150 АҚШ долларымен сатып алынады. Бірақ, екі жыл бұрын  бәрін алдын ала болжау қиын. Шамада, тұтынушыға жеткізілетін шығындарды қосып есептегенде, оның бір текше метрі 60 теңге болады деп топшылаймыз. Бұл – қай жағынан алғанда да тиімді.Ақмола облысы.