• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
07 Қыркүйек, 2012

Адалдықты ардақтамағандар ауыздықталсын!

374 рет
көрсетілді

Адалдықты ардақтамағандар ауыздықталсын!

Жұма, 7 қыркүйек 2012 7:42

Мен бұрын-соңды газетке мақала жазған жан емес едім. «Егемен Қазақстанның» 24 шілдедегі санында жарияланған «Адал жолдың азабы» деген мақаладағы Елеусіз Шағырбайұлы Айтбаевтың тәлкекке түскен тағдыры мені қатты толғандырды. «Адал жолдың азабын» тартқан, сол әділдік үшін қудаланған адам туралы өз ойымды айтуды жөн көріп, қолыма қалам алдым.

Жұма, 7 қыркүйек 2012 7:42

Мен бұрын-соңды газетке мақала жазған жан емес едім. «Егемен Қазақстанның» 24 шілдедегі санында жарияланған «Адал жолдың азабы» деген мақаладағы Елеусіз Шағырбайұлы Айтбаевтың тәлкекке түскен тағдыры мені қатты толғандырды. «Адал жолдың азабын» тартқан, сол әділдік үшін қудаланған адам туралы өз ойымды айтуды жөн көріп, қолыма қалам алдым.

Иә, зымырап өтіп бара жатқан уақыт! Елеусіз де 60-қа келіп қалыпты-ау. Мен 73-ке, 6 мүшел жас­тың өріне шықтым. 1980- жыл­дары мемлекеттік мекемелер қызметкерлері кәсіподағы облыс­тық комитетінің төрағасы болып істеп жүріп, облыстық партия ко­митетінің тапсырмасымен Мақ­та­­арал ауданындағы «Красный луч» колхозына барғанымда, Елеусізбен танысқан едім. Мақта терімінің қызу шағы. Ол кезде мақ­та теріміне облыстың әр ауда­нынан адамдарды жәрдемге алып келетін. Оларға жағдай жасау – жатын орын, азық-түлікпен қам­тамасыз ету мәселелері қатаң ескерілетін.Бір совхозда (атауы есімде қалмапты) осы мәселелерге көңіл бөлмеген екен. Елеусіз совхоз директорына: «Олар отбасын, бала-шағаларын, мал-жандарын тас­тап, бізге келіп, жәрдем беріп жатыр. Осы жағдайды ойлап кө­ріңізші…», деп біраз ренішін білдірген еді. Директор қатты әбір­жіп, сөз таба алмай, көп қиналды. Сол кезде Елеусіз совхоз дирек­то­рына көмекке келген адам­дар­ға немқұрайлы қарап, түлкі бұлаңға салып, әртүрлі себептер айтып жағдай жасамау – олардың адал еңбектерін бағаламау екенін айтқан еді. Ертеңіне директор Елеу­сізге өзі келіп, сыннан қоры­тын­ды шығарғанын айтқан. Бұл – менің өзім куә болған оқиға. Сонда: «Мына Елеусіз нағыз ха­лықтың қамын жеген азамат екен. Көптің қамын ойлаған көп­ке барар, көкке көтерілер…», деп ойлаған едім.Шынында, кейін сатылап биік лауазымдарға жетті. Республика көлемінде жұмыс істей бастады.Міне, «Егеменнен» ол туралы мақаланы оқып отырмын. Адал­дық­пен жұмыс істеймін деп азап­таныпты. «…Бұрынғы бастығы­ның тұсында ойына не келсе соны істеп, еркін жүруге үйреніп қалған» департамент қызмет­кер­лері мен оның орынбасары  Е.Исе­новке қатаң талаптар қойып, тәртіпке шақырғаны үшін, жал­ған құжаттар жасап, 34 азаматқа облыстық көші-қон басқармасы­нан 26 млн. теңгеден астам ақша бөлінгенін анықтағаны, сапасыз және күмәнді құжаттарға қол қой­мағаны үшін оның адалдық­тың ақ жолымен жүруіне қарсы адамдар өздерінің заңды бұзып, қитұрқы, жымысқы әрекеттерге барғандарын жасырмақ ниетпен Айтбаевтың соңына шам алып түседі. Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетіне арызды қар­ша боратады. Ал комитет бас­шылығы барлық жағдайдан хабардар бола отырып, Айтбаевтан оралмандардың құжаттарын тексерумен көп айналыспай, ескертулерді көбейтпей департамент мамандардарының ұсынған қа­ғаз­дарына қол қоя беруін сұ­рай­ды, бұрынғы бастықтың олардың айтқанымен жүргенін үлгі етіп мақтап, қарсы келетін болса, жұ­мыстан кетіретіндерін айтып доқ көрсетеді. Не деген бассыздық?!Елеусіз бір сөзінде: «Мен комитет басшылары жемқорлармен жең ұшынан жалғасып, қыруар ақшаны қалталарына басты дегенді айтқалы отырған жоқ­пын…», – дейді. Өзі көрмеген, өзі ұстап алмаған соң адамдарға ая­нышпен қарайды. Ал, маған осы арада сыбайлас жемқорлықтың құлағы қылтиып тұрған сияқты.Мен осы мақалаға тиісті орын­дар назар аударар, кінәсіз адамды қорқытып-үркітіп, шыр­ға­лаңға салғандарды тәртіпке ша­қырар деп ойлап едім. Әзірше ондай ниет байқалмайды. Газет көтер­ген мәселе аяқсыз қалмаса екен деймін. Кінәлілер жазала­рын алуға тиіс.Айтбаев журналиске: «…Аққа құдай жақ, бәрі орнына келгені рас, адал атым қымбат. Мұн­дай қиянат қайталанбауы үшін, бас­қалар сабақ алсын деген ниетпен қозғап отырмын…», десе, жур­налист: «Несі бар. Орынды сөз. Мен онымен келістім», дейді.Иә, мен де олармен келістім. «Адал жолдың азабынан» құтыл­ған Елеусізге халқына қызмет етуде алған бетіңнен қайтпай, әділдіктің ақ жолымен алшаң басып жүре бер!» – демекшімін.Өмірбек КЕРІМБЕКҰЛЫ.Шымкент.