Сейсенбі, 9 қазан 2012 7:12
Күйінген соң жазасың да. Кенесары ханның қалың қолын басқарып, тәуелсіздік үшін арпалысқан Ағыбай батыр мазарының кеткен сиқы бір түзелмей қойды.1984 жылдың қазан айының 27-і күні аудан орталығынан екі жүз елу шақырым әрі жолсыз қияндағы Ағыбай батыр мазарына көктас қойдық. Мазардың төбесі ойылып, күмбезі жұқарып қалған екен. Жаңбыр шайған қабырғалары да тілім-тілім. Келер жылдың жазында жоғары жақтағыларға жиырма мың кірпіш бөлінсе, мазардың сыртынан өре қалап тастамақ ойымыз барын да жеткіздік. Алайда, ол кезде қолында билігі барлар мұндай іске баруға тәуекел ете алмады.

Тәуелсіздік қолға тиген соң Ағыбай мазарын жөндеу мәселесін қайта-қайта көтергенбіз. Ақыры 2005 жылы реставрация жасалатын болды. Өкініштісі сол, осы мақсатқа бөлінген бәленбай миллион қаржының аяғы құрдымға кетті. Әр жерін шұқып сылаған болып, мазардың жиек-жиегіне қаңылтыр су ағар қойған. Былай қарасаң мазар қаңылтырдан ақ қалпақ-шляпа киіп тұрғандай. Мазардың сыртына тордан «көйлек» кигізіп, сылаған болды. Онысы келер жылға жетпей бой-бойы шығып, түсіп қалды.Мазардың сұрқының соншама қашуы жұрт назарынан тыс қалмады. Мазарды қалпына келтіру жұмысы қайта көтеріліп, тағы жиырма миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді. Сөйтіп, «Күмбез» атты тағы бір мекеме іске кірісті. Келер жылы жұмысын аяқтады. Осыған да шүкіршілік еттік. Шүкіршіліктен арыға тағы бара алмадық. Жақындай келе қаңылтыр қалпақтан құтылған мазардың жұлым-жұлым сыртқы сыйқын көріп, көңіл құлазыды. Ағекең күмбезінің етегі айнала бой-бойына ыдырап, түсіп қалған.Ғасырлар бойы жаңбыр мен желдің өтіне де, талай-талай жаулық, дұшпандықтың ниеті мен бүлдіргіш ісіне де төтеп берген Ағыбай батырдың мазарының көрінісі осы. Дүлей табиғаттың алапат жаңбыры құлатып кетпесе игі.Кәмел ЖҮНІСТЕГІ, жазушы, ҚР мәдениет қайраткері.Қарағанды облысы.