• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Тамыз, 2012

Әр сөзі даналықтың өлшеміндей

380 рет
көрсетілді

Әр сөзі даналықтың өлшеміндей

Сәрсенбі, 22 тамыз 2012 7:16

(Ақселеу Сейдімбекке ода)

Ақселеу, атам қазақ дүлдүлі едің,Кең толғап ұлттың мұңын мың түледің.Бір сырлы, сегіз қырлы

Сәрсенбі, 22 тамыз 2012 7:16

(Ақселеу Сейдімбекке ода)

Ақселеу, атам қазақ дүлдүлі едің,Кең толғап ұлттың мұңын мың түледің.Бір сырлы, сегіз қырлы

дархан дарын,Жасыңнан байтақ елге нұр тіледің.

Тамаша ата-анадан алған тәлім,Жер жыртып, мал бағудың таттың дәмін.Өнердің өмірде бар,бір өзіңе,Жаратқан берді жинап түгел бәрін.

Даналық әмбебаптық бір ағайын,Сол шындық аштың мырза кең сарайын.«Күмбір-күмбір күмбездер» туған күні,Әруағы бабалардың төкті арайын.

Бар сырын ашты дала түзде өскенге,Ұқсады кесенелер тілдескенге.Мұңайған мұнаралар көзін ашты,Балбалдар тарих сырын іздескенде.

Ұлғайды ел сыйларлық асылдығың,Естілді шартарапқа татымды үнің.Басыңа бақыт құсы қонды сонда,Жебеді ұлт рухына жақындығың.

Тағы да сақ қырандай самғап ұштың,Өнердің өр тасқынын жалғап құштың.«Күйлердің шежіресін» тізіп берсең,Ұйқыдан Қорқыт ата аунап түсті.

Өткендей отты тасқын тесіп жарды,Бүл кітап сүйсіндірді көрген жанды.Бүгін мен ежелгі өмір арасына,Ақселеу күй тізбекпен көпір салды.

Бітті іс құбылыс боп еленетін,Әлемде бар ғажапқа теңелетін.Көрсетті адамзатқағалым қазақ,Домбыра қоңыр күмбір кереметін.

Сом күйлер арасынан жел еспейді,Мұхиттар толқыны да теңеспейді.Тебіренген күй тіліменел сарыны,«Илиада» мен «Одиссеядай» елестейді.

Білгенге жан-жақтылық зор құбылыс,Қол созғанданалыққа ол ұмтылыс.Көрсетті Ақселеудің нар тұлғасын,Бар қазақ мақтан етер бұл мығым іс.

Ұмтылмай биік шыңға қайдан шыдар,Жайқалды қалың бұтақ жайған шынар:«Қазақтың ауызша тарихын» жасап берді,Туындай ұлы жеңіс алдан шығар.

Үр жаңа көрдік дербес кереметтіТаңырқап естіген жан елең етті.Қазақтың сөз өнерін терең барлап,Шежірелік шешендікті дерек етті.

Оқимыз бұл кітапты елтіп бүгін,Қопарды әлімсақтан жердің түбін.Қазақтыңдіні, ділі, тіліне үздік,Көтерді қолдан келмес ердің жүгін.

Адамзат тарихының бөлшегіндей,Жаңалық жүрген жеңіл еске кірмей.Мен үшін бұл кітаптың көрінеді,Әр сөзі даналықтың өлшеміндей.

Ақселеу, жаным сүйген інім едің,Төріме ұлан істің ілдің легін.Абай атам сияқты толғандырсаң,Тарқаттың Махамбетше елдің шерін.

Көзіммен көрмей айтсам елім сенбес,Сом тұлға, бойшаң туған, керім-кербез.Ат жақты, Сократ маңдай, маңғаз едің,Сайыста ел намысын тегін бермес.

Секілді Асан Қайғы арманың зор,Салтынан ата-баба алғаның мол.Қаз дауысты Қазыбек қолдағандай,Тәттімбетше толғанып, жалғадың жол.

Қоныпты Сары Тоқа күй сарыны,Сәкеннің ағын қосты жыр дарыны.Көз ашып көкірегің,самғап ұштың,Мағжанның шарпып жүрек от-жалыны.

БұлтартпасБұқар жырау таңбасындай,Шындықтың шырын аштың дәл Қасымдай.Асқақ ән, дуалы сөз шебері едің,Біржан сал, Ақан сері жалғасындай.

Бодан күн пәлесінен арашалап,Сен ашқан ақтаңдақты тамашалап,Туған ел мақтан етсе есіміңді,Байлады тәуелсіздік жаңа қанат.

Күн мен Ай саған ынтық сыбыр қосты,Қызды ауыл,сайда қызыл іңір тосты.Алаштың таңдап асыл ұлдарынан,Құдайым берді талай мығым досты.

Не жазсаң сүйсіндірді үнің көпті,Шындықты шегелеуге тілің жетті.Ән-жырға «Дәурен-айды» шырқап кірсең,Ғұлама ғалымдығың тұғырлы етті.

Ешкімге қабақ шытып шетінбедің,Мейірбан, қарапайым, өтімді едің.Бүкіл ел «Ахаң» десе, тауып айтты,Кемеңгер Ахмет аға секілді едің.

Тыңдаушы ек әр сөзіңді тына қалып,Сондайда қанды елдің құмары анық.Даналық көкірегіңде ұя салған,Әкелді бақыт құсын ғұламалық.

Болған жоқ сәйгүліктер аз жаныңда,Жәнібек, Бекболатпен маздадың да.Ой салған өзіме де себің тиді,Тағдырын «Тәттімбеттің» жазғанымда.

Сөйлетсең терең толғап далалықты,Шежіреге шеберлігің дара бітті.Әйтеуір, ұлан-ғайыр еңбегіңмен,Елде бар жиып бердің даналықты.

Нар едің ортасында «пысық» көптің,Биікке өзге жетпес пісіп жеттің.Шіркін-ай, жұмбақ өлім осы шығар,Тіл қатпай, ойда жоқта ұшып кеттің.

Күрсінтті оқыс ажал білген жанды,Бұлттарға табиғат та жүген салды.Елде бар әулиемен қоштасқандай,Астана аспанында Үркер жанды.

Мейірбан келбетіңді ұмытам ба,Еске алып,жүрегімді жылытам да,Қарауылтөбе жаққа көп қараймынЖатқандай Ер Едіге Ұлытауда.

Тым ерте кеткеніңді ел түсінді,Сарыарқа, сайын дала, жер күрсінді.Ал бүгін туған елің тойлап жатыр,Заңғар шың, дархан дарын жетпісіңді.

Созбай-ақ әрі қарай жыр көлемін,О, тағдыр!Сағынышты бүркеледім.Ақселеу, айналайын, риза бол,Тойыңа қарт жүректен гүл төгемін.

Кәкімбек Салықов.

Астана.