• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
03 Тамыз, 2012

Қосағалы

434 рет
көрсетілді

Қосағалы

Жұма, 3 тамыз 2012 7:40

Азат тауының айбынындай биікте тұр

Қосағалы батыр Төлекұлының атына дәулескер күйші Дәулеткерейдің «Қосағалы» күйінен, Кіші жүз Қаршынбай ақынның «Абылай-Кенесары» дастанынан қанық едік. Бұл Қаз МУ-дің журналистика факультетінде оқып жүрген жетпісінші жылдардың басы болатын. Одан кейін Қазығұрт аудандық газетінде үш жыл жұмыс істеп, 1978 жылдың көктемінде «Жазушы» баспасына қызметке ауысқаным бар. Бірақ, директорымыз Әбілмәжін Жұмабаев бір айдың ішінде Алматыға төлқұжатымды тіркетуім керектігін ескертті. Бұл дегеніңіз, нағыз азап тірлік екен. Ақыры жамағайын аға, темір жол милициясының бастығы, сол кездегі санаулы генералдың бірі Сайлыбай Құсайыновқа қолқа салуға тура келді.

 

Жұма, 3 тамыз 2012 7:40

Азат тауының айбынындай биікте тұр

Қосағалы батыр Төлекұлының атына дәулескер күйші Дәулеткерейдің «Қосағалы» күйінен, Кіші жүз Қаршынбай ақынның «Абылай-Кенесары» дастанынан қанық едік. Бұл Қаз МУ-дің журналистика факультетінде оқып жүрген жетпісінші жылдардың басы болатын. Одан кейін Қазығұрт аудандық газетінде үш жыл жұмыс істеп, 1978 жылдың көктемінде «Жазушы» баспасына қызметке ауысқаным бар. Бірақ, директорымыз Әбілмәжін Жұмабаев бір айдың ішінде Алматыға төлқұжатымды тіркетуім керектігін ескертті. Бұл дегеніңіз, нағыз азап тірлік екен. Ақыры жамағайын аға, темір жол милициясының бастығы, сол кездегі санаулы генералдың бірі Сайлыбай Құсайыновқа қолқа салуға тура келді.

Осының бәрінің түйіні Сайлыбай ағаның: «Қосағалы батыр­дың бейіті Көкшетаудың іргесін­дегі Азат тауында жатқанын біле­сің бе? Шағалалы өзенінің тауды айналып өтетін тұсында Жақсы­лық Қарауылға жататын «Сай» ауы­лынан тараған «Жалғыз қара­ғай», «Қырдағы ауыл», «Былқыл­дақ», «Талдағы ауыл», «Өзен қа­ра­ғай» дейтін ауылдардың соң­ғысын Қосағалы бабамыз мекендеген. Кеңес кезінде бәрі де түрлі себептермен бытырап кетті. Қазір «Өзен қарағайымыз» Алексеевка аталады. Әйтеуір, Азат аталатын станса бар», – деген тәлсімін баян­дау деп біліңіз.Азат тауында әйгілі Шал ақын Құлекеұлының туғанын білетін­мін. Жаңа деректен хабарсыз бол­ғандықтан, Қосағалыға қа­тыс­ты қызығушылық жүректің түбін дүрсілдетіп өткен. Тағдыр жетегі шығар, 1980 жылы Көк­ше­тауға қоныс аудардық. Азат тауына талай бардым. Әрине, Алатаудай емес, жергілікті тұр­ғын­дардың танымында Алатаудан кем де емес. Мұнда екі зират болды. Батыр таудың теріскейіндегі биікте дара жерленген екен. Көл­денеңі мен ені көлдей қорымда алып адамның жатқаны бірден көзге ұрады. Темір шарбақтың ішіндегі тасқа «Багатер Косағалы Толеков умер, руы Жақсылық қа­рауыл. Ескерткіш қойған: Алі ұлы Рақымжан» деп ойылып жа­зылған. Арабша әріптермен де шағын аят сөздерімен басталып, аты, әкесінің аты, руы жазылған. Кедір-бұдырға қиналғанымыз­бен, Рақымжан ағамыздың атақ­ты атасының рухын биіктет­кені­не алғыс жаудырады жұрт. Бір қуанарлығы, сол кездегі орыс­тану саясаты ширығып алғанына қара­мастан, бұл өңірде көнекөз­дің аңыз-әңгімесі тұнып тұр.Тау мен Қосағалыға байла­ныс­ты қос аңыз қатар айтылады. Бастапқысында: «Қосағалының бір келіні ұл бала туып, өзі жорыққа жүріп бара жатқанда, ағайындары жиылып, сәбидің атын қойып, батаңызды беріп ке­тіңіз», деп қолқалағанда ат үстін­де тұрған батыр нәрестені алақа­нына салып, бетіне ойлана ұзақ үңіліп: «Аты Азат болсын, түбін­де ұрпағымның аузында осы не­ме­ремнің аты қалады», депті. Ел жайлауда. Біраз күн өткенде бала өз-өзінен тынышсызданып, ке­нет­тен келген нау­қастан қайтыс болады. Ауыл-аймақ «Майтөбе» атты биікке жерлеп, аза тұтады. Соңынан сол төбе «Азат тауы» аталады. Осы соңғы жорығынан келе жатып, батыр атасы да дүние салып, Азаттың жанынан топырақ бұйырған.

Екіншісінде, тұтқынға түскен қалмақ батырының Қосағалыға беріле қызмет істегені, келе-келе оң қолына айналғандығы айтылады. Оған ырза болған батыр «Сен енді тұтқын емессің, азатсың, атың да Азат болсын» деген көрінеді. Тіпті, жаралы болып елге жақындаған тұста батыр «Мені Майлытөбеге» жерлеңдер деп осы Азатқа өсиеттеген көрінеді. Қайткен күнде де Қосағалының терең пайымдағы тарихи тұлға екендігі байқалады. Қазір өзі де осы қорымда жатқан, көріпкел-бақсылығымен жұртқа белгілі Күләй әже: «Мұнда жердің атауынан да тереңірек мағына жатыр», деп айтушы еді, жарықтық.Азаттықты аңсаған, оның азапты жолынан өткен Қосағалы батыр кім еді? Қазақ шежіресіне тізбе талдау жасап, көз жү­гіртсек, Арғын руы Қарауылдың Жақсылық тармағынан тарайтын Баян­ұлы Байтөлектің баласы Қоса­ға­лы шамамен 1755-1820 жыл­дар аралығында өмір сүрген арыстарымыздың еңселі сана­тын­дағы адам. Танымал журналист-жазушы Тортай Сәдуақасов­тың 2004 жылы жарық көрген «Ел мен жер» атты кітабындағы шежіреде: Қарауылдан төмен Мә­шек атасынан – Есенбай – Әлім­бет – Жақсылық – Баян – Төлек – Қосағалы – Байбол – Күлес – Жәулә – Есқақ – Қабдолла болып ұрпақтары одан әрі жалғаса береді. Батырдың әке­сі Баянұлы Төлектің басына 9000 жылқы біткен бай болыпты. 1723-1730 жылдарғы «Ақтабан шұбырындыда» жадап-жүдеп осы жаққа жеткен қандастары­мызға мал, жер беріп, көмек көр­сеткен атымтай жомарттығына сайып ел-жұрт оны Баянұлы Бай-Төлек атап кеткен дейді.Ал, кең құлашты көшпелі заманда туған Қосағалының кіндік қаны тамған жер бұрынғы Рузаев ауданындағы Қосағалы өзенінің (орыстар оны «Косогляд» дейді) бойы. Бұл дерек 1910 жылы Санкт-Петербургтегі Э.Х.­Брандт­­­­­­тың картографиялық зауытында дайындалған жер пайдалану картасында «урочище Косагалъ» деп арнайы көрсетілген. Тіпті, Қосағалы қойнауының ай­на­ласындағы Жайлыбай, Жалаң­ауыз, Шалауыл, Құйрық ауылдарына да сипаттама беріліпті. Бер­тін Қосағалы көші Шағалалы өзені бойындағы түп аталарының қонысына бет түзеген. Атадан қал­ған мұраны шашау шығар­маған Қосағалы да ауқатты, елі мен жеріне жау тигізбеген, беделі зор, алып денелі күш иесі бол­ғаны анық. Оған дәлел, батырдың салт жүргенде өзінің арнайы баптайтын тұлпарлары «қара бедеу» аталған белді аттарымен ғана ерге қонатындығы.Бұл кезең жоңғар шапқын­шы­лығы түбегейлі жойылғанымен, Еділ құба қалмақтарының қарақ­шылық қақтығыстары әлі де болса тоқтамай, Ресей қарашекпен­ділерінің мысық табандап қазақ жеріне ене бастаған шағы еді. Осыған наразы болған Қосағалы батыр өзге де батырлардың басын қосып, қарақшы қалмақ­тар­ды Элистадан әрі асырып қуғаны ауызекі аңыз-қиссалардан бел­гі­лі. Мынау іргедегі Түмен, Челябі облыстарында әлі күнге Үлкен Қоса­ғалы, Кіші Қосағалы көлде­рі, Киштема маңында осы аттас емдік су қайнары барлығы батыр­дың жорық жолдарынан дерек береді. Қосағалыны өз тұсында Омбы шекпенділерінің шенеунік­тері, татар байлары да таныған, сыйласып, онымен санасқан. Оған Омбы губернаторы тарапынан «Алтын тон» аталатын оқалы шапанның тарту етіліп, бұл жәдігөй жұрнағының күні кешеге дейін батыр ұрпағы Боқанов Дәкен ақсақалдың үйінде сақта­лып келгендігі дәлел болады.Жоғарыда «көнекөздің аңыз-әңгімесі тұнып тұр» дедік. Яғни, құлағы түрік, ел мен жер тарихына жүйрік, салт-дәстүр сабақтас­тығын ұстап қалған жанашыр жан­­дар баршылық. Әсіресе, Бал­та­­ғожа Кө­бе­таев, Қа­й­ыр Оспанов, Жантас Сәдуақасов, Рәшит Сейітов, Бадың Мұсылмамбеков, батырдың аталастары Марат Оспан­ов, Астана қаласында тұра­тын Серік Сәлменов, осы іске жан-тәнімен кірісіп, көптеген деректер жинаған ардақты ағамыз Айдос Әбутәліпұлының бола­шақ­қа нұсқа әңгімелері жүрек тербейді. Бұл кісілер сөздің ғана емес, істің де адамдары. Қоса­ғалы батыр зиратындағы бата-дұға бұларсыз өтпейді. Тіпті, Айдос ағамыз бастаған топ құра­мындағы облыстық мәслихаттың хатшысы Тұрғын Сыздықов, Мұрат қажы Ыдырысов, Науан Хазірет атындағы орталық ме­шіт­тің найб имамы Нұрлан Әбенұлы, Алексеев кентінің әкімі Жұмабек Жәкімов сияқты азаматтар 2010 жылдың маусы­мындағы қорым басындағы жиында Қосағалы батыр қорын бас­қаруды батыр ұрпағы Абай Қасымбаевқа тапсырып, бата берген. Қазір кәсіпкер жігіт кесене тұрғызылатын жерді заңдас­тырып, оның сәнді кескіндемесін дайындап, негізгі істің жетегімен жүр.Жуырда Айдос ағам ша­қыр­ды. Кезінде партия, кеңес органдарында басшы қызметтер атқар­ған, көп нәрсеге толқи қоймай­тын дербес зейнеткер тебіреніс үстінде екен. Ол кісіні Абай Қасымбаев пен Қосағалы батыр­дың Сусын деген баласынан тарайтын Марат Оспанов баба заманына үш күндік зиярат-сапарға алып барыпты. «Дайындап жат­қан мақалаңа осыны қоссаң, Қосағалы рухы көтеріліп қала­ды», деді ол. Біз тәлім сапарынан төгілген тәлсімді қалқып та болса қағазға түсіргенді жөн көрдік.Көкшетауға қанаттас Елтай ауылының тұрғыны Марат Оспанов біздің үйге де үзбей қоңы­раулатып тұрады. Мараттың атасы Оспан Үкілі Ыбыраймен түй­дей құрдас, Ақан серімен де сыйлас, болыстыққа бес рет сайлан­ған, елге беделді адам екен. Мәкең­­нің өзі де қаражаяу емес. Жол-жөнекей әңгіменің қазанын қайнатып отырған. Басты бағыт Баян-Төлек-Қосағалы қыстағы – Жалғызтау болғандықтан, алдымен ақын Ахметжан Нұртазиннің мына өлеңін ағытыпты:Жалғызтау жан саясы,жер ағасы,Сұлудай сырға таққансай саласы.Жерұйық сауық сайрансалып өткен,Ертеде жақсылардыңбір парасы.Ыбырай, ҚизатұлыЖәлел де өскен,Ақанның асқақ әнішықпайды естен.Құлагер құмында ойнап,суын жұтып,Жалғызтау жотасындажелдей ескен.Осыдан кейінгі көңіл-күйді ба­ғам­дау да қиын емес-ау, шір­кін! Мәкең енді өз-өзінен жолбасшы болып шыға келген. Көліктің тізгіні Елтайға іргелес Қызылсаядан бес шақырымдай жердегі Ақан серінің аңызға айналған сүйіктісі Ақтоқтының зиратына жақындай беріп тартылды. Дұға-аят оқылды. Одан кейін Мәдениеттен өтіп, Үкілі Ыбырайдың туып, өскен ауылы Өскенге аялдап, Үкілі ақынның Есеп деген баласының қызы Елемес пен отағасы Зараптың үйіне сәлем берілді. Түс аумай жатып қорымды аралатқан Марат серік­теріне түсінік беріп жүр: «Мынау таспен қоршалған Ыбырайдың атасы атышулы балта жалаған бақсы Дербісәлдікі, анау тұрған биік күбез арқалы әнші Мұса Асайыновтікі».Өскен мен Құмтөккен ауылы­ның арасындағы кең алаңды меңзеген Марат: «Анау сарғылт жазық бір кездері өткел бермеген «Қылышты» көлі, қазір қамыс басқан, алдымыздағы созылған ор­манды алқап «Хан қашқан» ағашы деп аталады. Мұның да өзіндік хикаяты бар», деп тағы бір әңгіменің пернесін қаққан.– Шекпенділер жерімізге дендей кіріп, ел арасында алауыздық өршітеді. Атығай руынан Маңдай деген кісіні бір қателігіне орай өлім жазасына тартқаны үшін Қосағалы батыр бастаған топ Уәлі ханның ордасын шаппақшы болған. Ханның қару-жарақты әс­­кері бұларды қырып тастайық деп Уәліге жүгінгенде, хан са­бырлылық танытып: «Бұлар да он екі ата Атығай мен сегіз ата Қарауылдың балалары. Қосаға­лы­ның өзі оқ бойы алда келеді, ашулы, оларға керегі мен ғой, тасалай тұрайын деген екен. «Хан қашқаныңыз» осыдан шыққан, дейді М.Оспанов.Жолаушылар әңгіме желісі­мен Жалғызтаудың етегіндегі Гор­ный кентіне де келіп жетті. Ел ағасы Бадың (шын аты Рахымәлі) Мұсылмамбеков бұларды жылы қарсы алып, кішкене аяқ созған­нан кейін батысқа қарай бір шақырымдай «Сарытау» төбесіне бастады. Мұнда Қосағалы батыр­дың әкесі Төлектің зираты бар. Аруақтарға арнап құран бағыш­талды. Темір қоршаудың алдына бертінде оның ұрпағы Серкелбай Тынымбеков деген азамат құлпы­тас орнатқан екен. Онда «Халқы­ның бірлігін, халқының тұтас­тығын ұрпаққа аманат еткен баба аруағына тағзым етеміз» деген жазу жарқырайды. Сапарластар жолай Абылай ханның жақсы бағаланған батырларының бірі Құл­сары әулиенің зиратына кі­діріп, Үкілі Ыбырайдың әкесі «Сандыбай бұлағынан» сусын басып, телегей әсермен Көкше­тау­ға жеткен…Неге екенін қайдам, Күләй әже­міздің «бұрынғылар Азат тауы­ның астында айдаҺар жатыр дегенді көп айтатын» деген сөзі ойға жиі оралады. Мұны ире­леңдеген тау кейпіне балап, мән бермейтінбіз. Мәнісі кейін бел­гілі болды. «Соколов-Сарыбайға» жататын алып доломит кеніші ашылды. Оның айналма қазба­лары дәл төбеден кеміріп, шы­ғыс­тан батысқа қарай аяусыз жал­­мап келеді. Оянған «айда­Һар» аруақтардың да мазасын алғанын қайтерсіз. Жергілікті халықтың наразылығына қара­мас­тан жетпісінші жылдардың соңында арғы зират көшіріліп, Қосағалы жатқан қорымға қайта жерленген. Тағдыр тәлкегін дөп біліп, тажалдан іргесін аулақ салған Қосағалы батырды әулие демей кім дерсіз?! Жер қойнын­дағы аруақтардың өзі батырдан пана іздеп, шұрқырай табыс­қандай емес пе? Мұндай әулие адамдар халықтың шексіз құр­метіне бөленуге тиісті дейтініміз осыдан.Құрмет демекші, Азатта туған атақты Шал ақын Құлекеұлы ба­лаң шағында Солтүстік Қа­­зақ­­с­тан облысының Сергеев ауданына қоныс аударып, сонда жерлен­гені белгілі. Әттең, қабірі су қой­масының астында қалғаны­мен, аудан Шал ақын аталады. Бүгінгі ұрпақ Қосағалы қорымын да «айдаҺардың» әжуасына са­луға жол бермейді деп сенейік. Оның үстіне, жергілікті билік ел тілегін ескеріп, Алексеев кен­тінің атауын Қосағалы батыр ауылы деп өзгертуге септік жаса­ғаны абзал.Бақберген АМАЛБЕК,«Егемен Қазақстан». Ақмола облысы, Зеренді ауданы.  

(Батырдың жинақталған образды суретін салған  көкшелік белгілі суретші Манарбек Бұрмағанов).