Сейсенбі, 11 қыркүйек 2012 7:28
(Бұқарбай батырдың туғанына – 200 жыл)
Тарихшыларымыздың пайымдауынша, тек соңғы бірер ғасыр көлемінде ғана қазақ халқы 360-тан астам қанды шайқастарды бастан өткерген екен. Әйтсе де Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің маңызы да, салмағы да, төл тарихымыздан ойып алар орны да ерекше. Неге десеңіз, аталмыш алапат айқас алдына қойған арман-мақсатының айқындылығымен де, ауқымдылығымен де күллі Алашты ортақ мүддеге жұмылдыра білген жалпыхалықтық сипатымен де дараланып тұрады. Бүгін біз қалың қазақты атқа қондырған осынау ұлт-азаттық көтерілістің бас сардарларының бірі, ақтық демі біткенше Кене ханның ең сенімді серігі бола білген мыңбасы – Бұқарбай Естекбайұлы баһадүр жайлы сыр шерткелі отырмыз.
Сейсенбі, 11 қыркүйек 2012 7:28
(Бұқарбай батырдың туғанына – 200 жыл)
Тарихшыларымыздың пайымдауынша, тек соңғы бірер ғасыр көлемінде ғана қазақ халқы 360-тан астам қанды шайқастарды бастан өткерген екен. Әйтсе де Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің маңызы да, салмағы да, төл тарихымыздан ойып алар орны да ерекше. Неге десеңіз, аталмыш алапат айқас алдына қойған арман-мақсатының айқындылығымен де, ауқымдылығымен де күллі Алашты ортақ мүддеге жұмылдыра білген жалпыхалықтық сипатымен де дараланып тұрады. Бүгін біз қалың қазақты атқа қондырған осынау ұлт-азаттық көтерілістің бас сардарларының бірі, ақтық демі біткенше Кене ханның ең сенімді серігі бола білген мыңбасы – Бұқарбай Естекбайұлы баһадүр жайлы сыр шерткелі отырмыз.
Бұқарбай батыр 1812 жылы, яғни орыс-француз соғысы тұсында Жалағаш ауданындағы осы күнгі өзінің есімімен аталатын ауылда өмірге келген. Әкесі Естекбай елге өте сыйлы, тілге шешен, қоғамшыл, қайырымды, саятшы, сері кісі болған деседі. Қазақта: «Жақсыны бір жапырақ еттен қысады», деген ежелден келе жатқан сөз бар ғой. Сол айтқандай, Естекбай бабамыздың да перзенттері тұрмай, қырқынан шығар-шықпастан шетіней берсе керек. Әйтсе де абыз ақсақал табиғатына біткен сабырлылығымен ақжарылқап күн туар сәттен үкілі үмітін әсте үзбейді.Бірде дастарқан басында бас қосқан ел ағаларының бірі: «Ізденген жетер мұратқа», деген сөз бар ғой халқымызда. Өткенге салауат, қалғанға берекет, шырағым. Кезінде сопылық ағымның ірі ғұламасы атанған Бақуадин әулиенің басына барып, зиярат етіп қайтсаң қайтеді. Өзіңмен бірге келінді де ала кеткейсің. Қанша перзент беремін десе де, бұл жаратушы иемізге қиын шаруа емес қой. Біздің білуімізше, ол жақтан ешкім де құралақан қайтып жатпағанға ұқсайды. Алла жар болып, ниеттеріңді қабыл етсін», деп ағынан жарылып, ақ батасын берген көрінеді. Сонымен, Естекбай бабамыз құдай қосқан қосағы Зағипа анамыз екеуі сауда керуеніне ілесіп, араға бірер апта салып, Бақуадин әулиенің басына келіп түнейді. Мал шалып, құдайы садақа таратады, өлі аруақтарға дұға бағыштайды. Сол күні түсінде аса таяқты, ақ сәлделі ақсақал аян береді:– Шырағым, пейілің пәк, жүрегің таза, тәубешіл жан екенсің, осының үшін де Тәңірім саған бек риза. Алладан он перзент сұрайсың ба, әлде соларға татырлық біреуін қанағат тұтасың ба?Қуанғаны соншалық, жалғыз шарананың тырнағына зар болып жүрген Естекбай атамыз:– Бізге сол бір түйір ұлыңыз да жетіп жатыр ғой, тақсыр, – депті.– Онда бұл ұлың біреу болса да бірегей болып ержетер. Ауазасы алты Алашқа жайылар хас батыр болар. Иншалла, ұзақ жасар, әумин, – десе керек.Араға жыл салып жарық дүниеге келген нәрестеге әкесі Бұқарбай деген есім береді. Ертерек есейсін деп оны кішкентайынан-ақ шабандоздық өнерге баулиды. Ал саятшылығы екі бастан ғой. Буыны бекіп, бұғанасы қатпай жатып, өмірі жауырыны жер иіскеп көрмеген түйе балуанды жығып, бас бәйгеге бір үйір жылқыны айдап қайтады. Осыдан кейін-ақ оның алапат күш иесі ғана емес, қас қағым сәтте-ақ қарсыласын қапы қалдырып кетерлік айлакерлігі, көз ілеспес шалттығы ауыл-аймаққа түгел жайылып кетеді.Атақ-даңқы үш жүзге мәшһүр Сәркенің немересі Байқадам батыр:– Мынау тірі болса, болайын деп тұрған бала екен, енді мұны әскери өнерге баулиық, – деп оны өзінің жасағына қосып алады. Інісінің ат құлағында ойнай білерлік шабандоздығы, найзагерлігі, қысылшаң сәттерден оп-оңай жол тауып кетерлік тапқырлығы, жүректілігі қатты ұнайды. Сәрке атаңның жолын берсін деп ағынан жарылып, ақ батасын береді. Ағасының лебізі қабыл болып, бабамыз бертін келе күллі қазақтың жоғын жоқтап, жанына жалау болар хас батыры болып қалыптасады.Сөйтіп жүргенде 1836 жыл да келіп жетеді. Бұл кезде бабамыз небәрі 24 жаста екен. Сол жылдың жадыраған жазында Жалағаш жеріне Кенесары бастаған мәртебелі меймандар ат басын тіреп, Дәуімбай өзегінің жағасына келіп жайғасады. Құшақ жая қарсы алған ел ағаларына бас қолбасшы алдағы жылдары бастау алғалы тұрған ұлт-азаттық көтерілісіне Кіші жүз халқы арасынан ел намысын қорғай білер сарбаздар іріктегелі келгенін жеткізеді және осыған жан-жақты қолдау көрсетулерін өтінеді. Қашаннан қонақжай халық емеспіз бе. Мұның үстіне атақ-даңқы жер жарған Абылай ханның немересі әдейілей сауын айта келген соң, ел қорғау ісінен кім қалыс қалар дейсіз, алғашқылардың бірі болып Бұқарбай бастаған ел азаматтары қабылданды. Бұлардың шабандоздығы да, найзагерлігі де, ең бастысы жұмылған жұдырықтай ауызбіршілігі Кенесарының ойынан шығады. Олар бір ай бойы бас қолбасшының сүзгісінен өтіп, жоғары бағасын алады.Кенесары бастаған меймандар қас қарайып, ымырт үйірілгенше Сыр бойы жігіттерінің әскери жаттығуларын қызықтаса, қалған уақыттарын ән-жыр тыңдауға, айтыскер ақындардың айшықты өнерлерін тамашалауға арнайды. Жыр додасында оза шауып, бас бәйгені қанжығасына байлаған қаршадай баланың өткірлігі мен қиыннан қиыстырар сөз саптауы Кенесарыға қатты ұнады. Мақамы қандай десеңізші. Төкпе жыраудың нағыз өзі дерсің! Күні ертең-ақ жорық жыршысы болуға сұранып-ақ тұрған бұл бозбала жалағаштық ашамайлы керейт Нысанбай жырау болатын-ды. Осы сапарында айтулы ақыны атанып, ханның ақтық демі таусылғанша небір тар жол, тайғақ кешулерді бірге өткеріседі. Нысекең тәуелсіздігіміз жолындағы табанды күрескер ғана емес, сондай-ақ «Кенесары – Наурызбай» атты көлемді тарихи дастанында жазған асылы заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің Нысанбайды Абылай заманындағы Бұқар жыраудан кейінгі «жалынды жорық жыршысы», деп жоғары бағалауы да тегін болмаса керек.Қайсібір сардар, қайсібір мыңбасы болмасын, жауға жалғыз шаппаған. Оның өліспей беріспес жарақты жасағы, қиын-қыстау сәттердің өзінен жол тауып шыға алатындай сенімді серіктері, киелі байрағын арындай, жанындай әспеттеп, ұлықтай білген тубегілері болған. Өзіміз әңгімелегелі отырған Елқонды батыр да аталас ағасы, бауыры Бұқарбай батырдың оң қолы болғанға ұқсайды.Батыр бабамыз жорыққа шығарда ең алдымен әлгіндей мықты жігіттерден жасалған жасағына және жекпе-жекке шыққанда қарсыласын ат үстінен аударып тастар алапат күш иесі тубегісі Елқонды інісіне сенеді екен. Батыр бабамыздың: «Елқондым бар, не қамым бар», – деуінің сыры да осында жатса керек. Тубегінің тағы бар ерекше қасиеті – құралайды көзден атып түсірерлік хас мергендігі дегенді айтады көнекөз қариялар. Елқонды батыр қарақұрым болып қаптап келе жатқан қалың жаудың шашақты туын дәл көздеп, ұңғысынан атып түсіреді екен. Туы құлаған соң, Алла біздің жолымызды оңғармады деп жау да ат басын кері бұратын болған. Міне, осылайша әуелі Құдай, сонан соң тубегінің мергендігі арқасында көптеген шайқастарды батыр бабамыз қантөгіссіз аяқтап жүрген.Бізге жеткен дереккөздерге қарағанда, бабамыздың жүректілігі соншалық, тіптен қылышынан қаны сорғалап тұрған хандардың да қаһарынан қаймықпаған. Қара қылды қақ жарарлық туабітті сол турашылдық қасиетінен әсте айнымаған. Мұны өзімен қарулас болған қанды көйлек жолдастары арғын Ағыбай да, әлім Жанқожа да, қыпшақ Жаназар да, сондай-ақ сарай ақыны, жерлесіміз ашамайлы керейт Нысанбай жырау да жоққа шығармаған. Кене ханның туған қарындасы, алым-салықпен айналысатын арнайы жасақтың қолбасшысы Бопай ханымға кезінде бабамыздың да көңілі ауған сыңайлы. Мұның өзі ақырында қызуқанды Наурызбайдың намысына тиіп, қапысын тапса, қалайда Бұқарбайдың көзін жоюға ұмтылады. Бірақ қанша оқталса да жүрегі дауаламай-ақ қойған. Өйткені «аққа Құдай жақ» демекші, біріншіден, бабамызды Бұқардағы Бақуадин әулиенің аруағы, екіншіден, екі иығындағы қос жолбарысы қызғыштай қорғап, қарсыластарының сілтеген қылышын да, найзасын да қағып тастап отырған. Мұны кейін Наурызбайдың өзі де мойындап, қарулас ағасынан кешірім сұраған көрінеді. Бұл жерде Кене ханның да: «Ер шекіспей бекіспес деген сөз бар, Науанжан, басқа-басқа, Бұқарбайдың орны біз үшін бөлек қой, аруағы да басым, одан айырылсақ, былайғы күніміз не болмақ?» – деген ескертпесін де жоққа шығара алмаймыз.Алаштың небір жүрек жұтқан хас батырларын бір тудың астына біріктіре білген Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің (1837-1847) аяқталғанына биыл 164 жыл толғалы отыр. Арада бір жарым ғасырдан астам уақыт өтсе де оның мән-мағынасы тәуелсіздігіміздің арқасында жаңа бір қырынан жарқырай түсуде. Кешегі кеңес дәуірінде орыс тарихшылары Кенесарыны «ұлтшыл, бүлікшіл, баскесер» деп жерден алып, жерге салып, орынсыз жерге пышақ ұрып жатты. Осы тақырыпқа тұңғыш рет ғылыми диссертация қорғаған Е.Бекмаханов ағамыз итжеккенге айдалып кетті. Кене хан тұқымы да қуғын-сүргіннен көз ашқан жоқ. Бұқарбай бабамызды да ауызға алуға батылымыз бармады. «Аққа құдай жақ» демекші, қазіргі күні сол бір арыстарымызды жалған жаладан арашалап алып, тарих сахнасына қайта шығарып жатқан жайымыз бар. Бұған да шүкіршілік дейік, ағайын!Сан ғасырлар бойы өз құзырындағы бұратана халықтарды ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап, шексіз билігін жүргізіп келген орыс отаршыларының азаттықты аңсаған Кенесары сынды арыстандарды да, әлбетте, уысында ұстауға жанталасып-ақ бағады. Бірақ елжанды, ұлтжанды азаматтар мұндай озбырлыққа көнгісі келмей, Кенесары туының астына топтасады. Осылайша қазақ даласында ұлт-азаттық көтерілісі кең қанат жая бастайды. Әу бастан мың қаралы сарбаздан құралған шағын әскер бертін келе құрамы 20 мыңдық жасаққа жетеді. Ресей сияқты алпауыт елмен айқасудың оңай шаруа емес екенін іштей сезсе де, осындай тәуекелге баруына тура келеді. Сонда ол қауқарсыз қаруына емес, қалың елі –қазағына, қиямет күнінде де қасынан табыла білетін Ағыбай, Бұқарбай және Наурызбай сынды хас батырларына сенген еді. Озық ақыл-ойы, парасаты, айлакерлігі, соғыс тактикасын жетік меңгергендігі арқасында жорық жолын үнемі өзгертіп, соңына шырақ алып түскен Ресейдің жазалаушы отрядтарын сан мәрте сазға отырғызып, көп шығынға ұшыратады. Кенесарының мұндай өпшес ерлігін, тіптен, қарсыластары да мойындауға мәжбүр болған.Бұл жөнінде орыс тарихшысы Н.Н. Середан: «Кенесары өз жақтастарының ықыласына лайықты билеушісі бола білді. Ол басқарған жасақтар рухының жоғарылылығына еуропалық әскердің қай-қайсысының болмасын қолбасшылары қызғана қарайтын еді… Кенесары өзінің жойқын шабуылдары кезінде жолындағысының бәрін тып-типыл ететін дүлей дауыл сияқты құйғыта жөнелетін. Алдынан қандай кедергі кездессе де бөгелмейтін. Қайта, керісінше, барлық тосқауылдар мұның топан судай арындаған қуатының алдында түгел күйреп бітпейінше оған еш тоқтау болмайтын. Кенесарының бойындағы осы қасиеттерін біздің көшпенділер жоғары бағалайтын және оның сардарлары өз қолбасшысына шексіз беріліп, шын жүректерімен оны қатты құрметтеуші еді», – дейді.Ал орыс зерттеушісі В.А.Потто «Қырдағы жорықтар хақында» (1872) атты кітабында: «Кенесары көтерілісі кең ауқымды және бірауыздылық сипатқа ие болды. Сондықтан да оны ауыздықтау оңайға түспеді. Мұның үстіне бүлікті өте өжет, аса дарынды және асқан жігерлі адам басқарды», – деп жазған еді. Мұның бәрін біз кезінде «Қазақтардың Шамилі» атанған Кене ханға да, оның Бұқарбай сынды сайыпқыран сардарларына берілген әділ баға деп түсінуіміз қажет. Қазақтың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаевтың: «Алашта талай-талай ерлер өткен, ерлерде Кенекеме кім бар жеткен», – деген жыр жолдары да дулығалы дала перзентінің абырой-беделін одан әрі асқақтатып тұрғандай.Ресей патшалығы 1730-1740 жылдары жасалған келісім-шарттардың екеуін де орындамай, алғашында Орынбор, Троицк, Адырлы, Орск, Петропавл, Павлодар, Семей, Өскемен бекіністерін тұрғызса, Абылай хан дүниеден өткен бойда ішке тереңдей еніп, Ырғыз, Торғай, Ақмола, Көкшетау, Ортау, Қарқаралы қамалдарымен қазақ жерін құрсаулай бастаған. Міне, осы бір басқыншылық саясат Кенесары мен оның сардарларын атқа суыт қондырған. Кенесары ақ патшаға жолдаған жеделхаттарының бірінде: «Есіл, Нұра, Ақтау, Ортау, Қарқаралы, Тобыл, Қосмұрын атам заманнан бері өз жеріміз еді. Бәрін тартып алып, мықты бекіністермен қоршап алдыңыздар. Енді қару алып, атқа қонбасқа бізде өзге жол қалмады», – деп өз ойын ашық білдірген.Белгілі ғалым Е. Бекмаханов: «Қырмен арадағы уақытша бітім, сол 1842 жылы Горчаков тарапынан заңсыз бұзылды. Есаул Сотников басқарған Сібір отряды Кенесарының ауылдарын шауып, көп малды айдап әкетті және Кенесарының әйелі Күнімжанды тұтқындап әкетті. Көп ұзамай Сібір отряды Кенесарының «Ақсақал төбедегі» көшіп-қонып жүрген ауылдарын ойрандайды. Абайсыз отырған елді қанға бояп, 100-ге жуық адамды дарға астырып, 1000 түйе, 3000 жылқы, 10000 қой мен 25 адамын тұтқындап, өздерімен бірге ала кетеді», – деп жазады. («Қазақстан XIX ғасырдың 20-40-жылдарында». Алматы, 1994 жыл. 261-бет).Батыр бабамыз 10 жыл бойы қашан Кенесары ханның ақтық демі біткенше азаттық туының астында арыстанша айқасады. Бұқарбай батырдың Ұлқаяқ, Бұланты, Жыланшық өзендерінің бойындағы өшпес ерліктері мен Созақ, Ақмола бекіністерін бағындырудағы әбден ысылған, шар болаттай ширыққан өр тұлғасы мен кәнігі әскери қолбасшыларға ғана тән ойлы іс-қимылдарын Кене хан әрқашан ризашылықпен еске алып, өзге сардарларға үлгі-өнеге етіп отырған. Мысалы, орыс офицері Карбышев басқарған Ақмола бекінісін тізе бүктіру өте қиынға түскенге ұқсайды. Терең ормен, биік те қалың дуалдармен тұмшаланған бекіністі аузынан от бүріккен ауыр зеңбіректер болмаса, өзге қарумен басып алу мүлде мүмкін емес-тін. Бұқарбай, Басықара батырлар бастаған жасақтар бұған да айла-амал табады. Олар өз сарбаздарына ұшына майлы шүберектер оралып, от тұтатылған жебелермен атқылауға бұйрық береді. Осылайша бекініс ішінде жан түршігерлік өрт пайда болып, орыс әскерлері амалсыздан тізе бүгеді. Өкінішке қарай, осы кескілескен шайқаста Басықара батыр мерт болады.Әлбетте, батыр бабамыздың 10 жылға созылған жорық жылдары мен өшпес ерліктерін бір мақалаға сыйғызу әсте мүмкін емес. Биылғы Бұқарбай батырдың 200 жылдық тойына орай әлі де талай-талай зерттеулер мен көлемді дүниелердің жарық көрері сөзсіз. Біз бұл мақаламызда батыр бабамыздың тәуелсіздік жолындағы табанды күресінің кейбір сәттері жайлы ғана сыр шерттік. Ал ол кісінің екі таңбалы табынды отырықшылыққа бейімдеп, үлкен Нұраның бойынан 25 шақырымдық жарма қаздыртып, егіншілікке бет бұрғызуы, ақтық демі біткенше билік құрып, ел-халқының ынтымақ-бірлігін сақтаудағы өлшеусіз еңбегі қаншама десеңізші?! Бұл өзінше бір пара дүние.Әңгімемізді қорытындылай келе, қарасөзге қаймақ тұрғызған халық жазушысы, сүйікті жерлесіміз, батыр бабамызға жиен болып келетін Әбділда Тәжібаев ағамыздың «Бұқарбай батыр – нағашым» атты толғауымен аяқтасақ:Кенесары ханмен бір болған,Нысанбайға жыр болған.Қиын-қыстау сәттерде,Еліне қалқан, ту болған.Елі үшін ғана еңіреген,Өлетін жерде де өлмеген.Жасқанып жаудан көрмеген.Намысты қолдан бермеген,Көз ілеспес шалттықпенЖауына найза сермеген.Бұқарбай батыр – нағашым.Секілді еді дара шың.Шиыршық атып тұратын,Көрсе жаудың қарасын.Орда бұзар шағында-ақ,Халқынан алған бағасын.Жаратпайтын дұшпанныңОзбырлығы мен наласын.Батырлық пен тектілікТұратын тауып жарасым.Бұқарбай батыр – нағашым.Қырандай қағып қанатынЖауынан тоят табатын.Абылайлап ат қойса,От болып лаулай жанатын.Жауын жеңсе жаныштап,Айызы бір қанатын.Тілегін тілер халқынанКеремет қуат алатын.Қазағым десе қан жұтқанЖыртқызбаған жағасын.Бұқарбай батыр – нағашым.Көрмеген таққа таласып,Көрмеген ешбір адасып.Қорғап өткен қызғыштайҚойны құтты даласын,Шыдап баққан елемейҚан жоса болған жарасын.Арыстандай айбатты,Жолбарыстай қайраттыБұқарбай батыр – нағашым.Жетіде тағам бір татқан,Жорықты ғана ұнатқан.Тас қамалдың өзін деҚам кесектей уатқан.Жапа шеккен жандардыЖақсы сөзімен жұбатқан.Сүрінбей өткен сынақтанЖақындатуды ғана ойлағанАғайындардың арасын.Қасиетімен де шешендікТәнті еткен Алашын.Бұқарбай батыр – нағашым.Жоқтан барды құраған,Егін ектірген Нұрадан.Қырманы толып қызылғаДән кетпеген ұрадан.Елдің қарнын тоғайтқан,Несібесін де молайтқан.Екі таңбалы табынныңАбырой-данқын зорайтқан.Бұқарбай батыр – нағашым.Қазақ даласында өткен осындай батырдың аруағын қастерлеу үшін Қызылорда облысының әкімдігі Бұқарбай баһадүрдің 200 жылдық мерейтойын кеңінен атап өтпекші. Осыған орай аймақта қыркүйектің 28-29-ы күндері кең көлемде екікүндік іс-шара өтеді. Мерейлі мерейтойға алыс-жақындағы ағайынның бәрін шақырамыз.Ахат ЖАНАЕВ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі.Қызылорда.