• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
24 Мамыр, 2012

Тінәлиев ту ұстап шығады

395 рет
көрсетілді

Тінәлиев ту ұстап шығады

Бейсенбі, 24 мамыр 2012 7:38

ХХХ Жазғы Олимпия ойындарының ашылу салтанатында еліміздің көк байрағын балуан Нұрмахан Тінәлиев ұстап шығады.

Осы ақпаратты нақтылау үшін Спорт және дене тәрбиесі істері агенттігіне хабар­лас­қа­ны­мызда, баспасөз қызметінің жетек­шісі Гүлсім Жәлелитденова балуан Нұр­махан Тінәлиевтің Лондон Олим­пиада­сы­ның ашылу салтанатында еліміз­дің Мемле­кеттік туын көпшілік алдына ұстап шыға­тынын растады және оның Мемлекеттік туды Елбасы Нұр­сұлтан На­­­зар­баевтың қолы­нан алатынын мә­лімдеді.

Бүгінде елімізде Тінәлиевке теңесетін балуандарымыз аз. Екіншіден, ол қандай жа­рысқа қатысса да ел сенімін ақтап, құр­мет тұғы­рының сатысынан көрініп жүр. Сол себептен де болар, оған төрт жылда бір келетін Олимпия ойында­ры­ның ашылу салтанатында еліміздің көк байрағын ұстап шығу құрметі көрсетіліп отыр.

Естеріңізге сала кетсек, ел тәуел­­­сіз­ді­гін ал­ға­лы бері Жазғы және Қысқы Олим­пия ойындарын қоса алғанда Қа­зақстан спортшылары жа­рыстың ашылу салтанатында 9 рет Мем­лекеттік туды ұстап шығыпты. Н.Тінәлиев Лон­дон Олимпиадасында еліміздің көк бай­рағын ұстап шығатын 10-шы спортшы атанғалы отыр.

Жазғы және Қысқы Олимпия ойындарының ашылу салтанатында

ту ұстап шығу құрметіне ие болған спортшылар.

Жылы

Қала

Мемлекет

Олимпиада

Ту ұстаушы

Спорт түрі

1994

Лиллехаммер

Норвегия

Қысқы Олимпиада

Қайрат Бикенов

Шаңғымен тұғырдан секіру

1996

Атланта

АҚШ

Жазғы Олимпиада

Ермахан Ыбырайымов

Бокс

1998

Нагано

Жапония

Қысқы Олимпиада

Владимир Смирнов

Шаңғы жарысы

2000

Сидней

Австралия

Жазғы Олимпиада

Ермахан Ыбырайымов

Бокс

2002

Солт-Лейк-Сити

АҚШ

Қысқы Олимпиада

Радик Бикчентаев

Коньки спорты

2004

Афина

Грекия

Жазғы Олимпиада

Асхат Жіткеев

Дзюдо

2006

Турин

Италия

Қысқы Олимпиада

Александр Корешков

Хоккей

2008

Бейжің

Қытай

Жазғы Олимпиада

Бақыт Ахметов

Ауыр атлетика

2010

Ванкувер

Канада

Қысқы Олимпиада

Диас Кенешев

Биатлон

2012

Лондон

Ұлыбритания

Жазғы Олимпиада

Нұрмахан Тінәлиев

Грек-рим күресі

Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан».