• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
31 Мамыр, 2012

Толағайлар Талдықорғанда таңдалады

350 рет
көрсетілді

Толағайлар Талдықорғанда таңдалады

Бейсенбі, 31 мамыр 2012 7:35

1-7 маусым күндері Талдықорған қала­­сында ауыр атлетикаданҚазақстан чемпионаты өтеді. Осы додада Лондон Олимпиадасынабаратын спортшылар анықталады.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Ни­дің айтуынша, еліміз спортшылары 8 лицен­зияға ие болса, сол 8 жолдамаға 16 қыз-жігіт таласатын болады. Ауыр атлетика федерациясы басшы­ла­ры­ның шешімі бойынша, Олимпия ойындарына үміткер­лер ел чемпиондығына таласатын спортшылардан бөлек күш сынасады. Бұл жарыстар 5 маусым күні чемпионаттан тыс өтеді. Сол кезде кімнің Лондон Олимпиадасына баратыны анықталады. Қазір біздің елден 8 лицензия болса, соның төртеуі қыздарға тиесілі екені белгілі.

Осы төрт лицензияға 53 килода Зүлфия Чиншанло, 63 килода Майя Манеза, 69 кило салмақ дәрежесінде Ирина Некрасова, 75 килода Светлана Подобедова мен Анна Нұр­­­­мұхамедова және аса ауыр салмақта Надежда Ногай мен Мария Грабовецкая таласады. Ал ерлер арасында Кирилл Павлов (77 кг.), Владимир Кузнецов (85 кг.), Алмас Өтешев, Александр Зайчиков пен Владимир Седов (94 кг.), ал 105 килода Илья Ильин мен Сергей Истомин бәсекелеседі.

 Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан».